Зейнеткер қар бетін қалай өрнектейді таңғажайып видео

118
(Жаңартылды 09:59 22.02.2021)
Канадалық қария жаяу жүру арқылы қар бетіне таңғажайып өрнек салып, оны құс ұшар биіктіктен камераға түсіреді

Егде жастағы ер адам Канадада тұрады. Ол пандемия кезінде жалықпау үшін қызықты іс-әрекет ойлап тапқан. Күн сайын серуенге шығатындықтан зейнеткер "қар кенепте" күрделі ою-өрнектер салу үшін арнайы қарадымдағыш аяқ киімдерді пайдаланады.

Зейнеткердің қарда жасаған ең үлкен өрнегінің диаметрі шамамен төрт жүз метр болады.

Оқи отырыңыз: Ресейдегі қазақ ауылында жалғыз қалған тұрғын қалай өмір сүріп жатыр - видео

Зейнеткер компьютерлік бағдарламаны пайдалана отырып, жоба үшін "қар картиналарын" алдын-ала дайындап алады.

Содан кейін ол қар бетіне өрнектерді салып шығады. Шынында да, осындай аяқ киімнің кең табаны автордың қар құрсауында қалып қоймауына мүмкіндік береді.

Қар бетіндегі тамаша өрнекті кадрларды видеодан көріңіз!

118
Кілт сөздер:
қыс, қар

Әйелдер колониясында 8 наурыз қалай аталып өтеді

40
Алматы облысындағы Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түрмесінде баласымен бірге отырғандар да бар

Темір тордың ар жағындағы әйелдер мереке қарсаңында өздері мерекелік кеш ұйымдастырады. Қазір мұнда 460-қа жуық әйел жазасын өтеп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшілері әйелдер түрмесіне барып, олардың мерекеге дайындығын көріп, әйелдермен әңгімелесті.

Осыдан біраз уақыт бұрын Наталья өзін абақтыда отырамын деп ойламаған. Себебі 18 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті. Заң мен тәртіпті сақтап жүргеніне сенімді болды. Ал қазір екі жыл тергеу изоляторында, бес ай түрмеде отырғанына қарамастан өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуден үміт үзбей келеді. Ал үйінде екі баласы мен егде жастағы анасы күтіп отыр.

"Мені алты және сегіз жастағы екі кішкентай балам күтіп отыр. Анам 64 жаста. Олар менің отбасым. Мен түрмеге түскелі күйеуіммен ажырастық. Өмірімде осындай жағдай да болды. Көптеген ер адам осылай оңай беріле салады", - дейді Наталья Кандолова.

Ботагөз Бахарова өзінің екінші қызын осы жерде Жауғашты колониясында дүниеге әкелді. Үш жасқа дейін нәресте анасымен бірге балалар қалашығының аумағында болған. Әрине, еркіндіктегідей болмаса да, оның сөзінше, сәбиінің жанында үш жыл тез өтіп кетті.

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

"Бала ол бала. Сотталушының немесе кімнің баласы екені маңызды емес. Сондықтан карантин жариялап, балалар қалашығын жаптық. Балалар аналарымен бірге сол жерде тұрады, сол жерде тамақтанады. Тұрмысқа қажет барлық жағдай жасалған. Ол жаққа бір жасақ басшысы мен шектеулі қызметкерлер кіріп-шығады. Яғни, балалар қалашығының басшысы – балалар дәрігері, медбикелер мен бала күтушілер кіреді. Бала күтушілер – тәрбиешінің білімі бар үш әйел", - деп түсіндірді ЛА 155/4 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Гүлжәмилә Байтемірова.

Жауғашты түрмесіндегі әйелдер қандай қылмыс жасағанына қарамастан балаларға ерекше қарайды. Бірі қолында бар тәттісін берсе, бірі қамқорлық көрсетеді.
 

40

Терезе түбінде оркестр: әйелдерді 8 наурыз мерекесімен қалай құттықтады видео

34
ТМД елдерінің әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтап жатыр. Оларға тек гүл сыйлап қана қоймай, түрлі байқаулар ұйымдастырды

Ресейдің Переславль-Залесский қаласында әскери қызметші әйелдерге арналған "Макияж под камуфляж" сайысы өтті.

Калашников автоматымен жұлдыз болып көріну үшін қалай бояну керек?

Ұлы Отан соғысының қатысушылары әскери музыканттарға қалай алғыс айтты?

Ал Қазақстанның қорғаныс министрі әйелдерді жылдағы дәстүрге сай құттықтады.

34
Иллюстративті фото

Түркістан облысында 8 наурыз қарсаңында үшем дүниеге келді

2558
Үш қызды дүниеге әкелген 34 жастағы көпбалалы ананың үйінде тағы екі ұлы мен екі қызы асыға күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз –  Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үш қызды дүниеге әкелді.

Шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Бүгінде нәрестелерді №1 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері бақылауға алған, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұлым мен екі қызым асыға күтіп отыр. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс", – дейді көпбалалы ана.

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтарды анасы бауырына басты. Себебі жеті жарым айлық нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымаған, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың 38-і егіз болса, екеуі үшем.

2558
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, үшем
Тақырып бойынша
"Өтірік айтасың деп сенбеді": алты баланың анасы атанған 23 жастағы келіншектің әңгімесі
Депутат бес жылдан кейін бала туатын әйелдер санының азаятынын айтты
Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланы дүниеге әкелді
Нұр-Сұлтанда егіздер мен үшемдер көбейді
Нұр-Сұлтанда жаңа туған нәрестеге жиі қойылған есімдер жарияланды
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді