Людмила есепші болып жұмыс істейді. Ол серуендегенді және сәнді киінгенді ұнатады. Ол ара-тұра сәнді киімдер сатып алып, шоппинг жасауды әдетке айналдырған.
Бойы бес жасар баламен бірдей бойжеткен қиындықтарға тап болса да, жабырқамайды. Ол бойының қысқалығы оған күнделікті тұрмыста да қолайсыздық тудырып жататынын жасырмады. Қажет болған кезде туыстары қол ұшын созады.
Ол өзінің өзгелерден ерекше екеніне көңіл аудармайды. Өмірдің әр сәтін бағалап, барлық жағдайға позитивті көзқараспен қарауға тырысады.
Бойы 122 сантиметрді құрайтын ерекше әйелдің күнделікті өмірін видеодан көріңіз.
"Біз балық аулап келе жатқан едік. Бір кезде жол жиегінде тұрған түлкіні көзіміз шалды. Олжамызбен бөлістік. Ол балықтарды қуана-қуана ініне алып кетті", - дейді видеоролик авторлары.
Кадрдан түлкінің ағаштардың арасынан жолға жақын, адамдарға қарай шыққаны көрінеді. Балықшылар аңды үркітіп алмас үшін қарға балық лақтырады.
Қызықты видеоны тамашалаңыз!
Көптеген елде локдаун жариялануда. Италияда демалыстарда коменданттық сағат енгізіледі. Грекияда ауру жұқтырғандар саны күрт өсті.
Адамдарға "қызыл" аймақтағы аудандардан шығуға тыйым салынды. Үйден тек шұғыл жағдайда ғана шығуға рұқсат етіледі.
Эпидемиологиялық ахуал Нидерланды, Франция, Чехия, Швецияда да нашарлады.
Еуропалық вакциналар неге көмектеспейді? "АстраЗенека" Испания мектептері мен өрт сөндіруші қызметтердің жұмысына қалай кедергі келтірді? Ресейлік препаратқа неге сұраныс жоғары?
8 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан
18.00 – Халықаралық әйелдер күні "Астана Опера" Үлкен залының сахнасында Чайковскийдің "Аққу көлі" балеті көрерменге жол тартады. Қосымша ақпараттар үшін: тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19); e-mail: astanaopera@gmail.com
Алматы
19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).
20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).
9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
9-10 наурыз – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Застың Қазақстанға сапары, ол қорғаныс және сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі. ҰҚШҰ бас хатшысын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп жоспарлануда.
16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов). Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.