Кездесу онлайн режимде өтті. Бұл оның екінші есептік кездесуі.
Тікелей эфир "Оңтүстік" телеарнасы мен әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көрсетілді. Тұрғындар 109 телефонына хабарласып, сұрақтары мен ұсыныстарын айта алды. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы сұрақ қоюға мүмкіндік болды.
Мұрат Әйтенов президенттің жарлығымен өткен жылы қаңтар айында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдерінің есептік кездесуі өтті.
Қапшағай қаласында Миналардан тазарту орталығы әскери қызметшілермен тәжірибелік сабақтар өткізеді.
Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша саперлер әр түрлі инженерлік оқ-дәрілерді орнату, зиянсыз ету және жою дағдыларын бірдей ойластырылған тәсілмен дамытуға тиіс.
Сондай-ақ, жас мамандарға адамға қауіпті жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын tEODor робот-кешені көрсетілді.
Бір бөлмелі пәтерде отбасымен тұратын ақтөбелік көпбалалы әке қарт әйелді қиын кезде үйіне кіргізді.
Өмір бойы қаладағы медициналық мекемелерде жұмыс істеген еңбек ардагері Людмила Шевченко немересін сегіз жасынан бастап тәрбиелегенін айтады. Ол ер жеткенде бизнес ашу үшін әжесін пәтерді сатуға көндірген. Кәсіп ойдағыдай болмай, Людмила жалдамалы пәтерде немересімен және оның әйелімен бірге тұруға мәжбүр болады.
Отбасында ақшаға байланысты жанжал жиілеген. Немересі әжесінің банк картасын алып, оның зейнетақысын жұмсап отырған. Картаны қайтару үшін Людмила учаскелік полиция қызметкерінің көмегіне жүгінеді.
2020 жылдың қарашасында кезекті жанжалдан кейін ол жиырма градус аязда далада қалады. Оны тәртіп сақшылары байқап қалып, полиция бекетіне жеткізген. Ол жерде зейнеткер капитан Сұлтанғалиевпен танысқан.
Ол әжейді үйіне алып келеді, ал отбасылық кеңесте зейнеткер олармен бірге тұратын болып шешіледі.
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Балаларды құмар ойындарға тартқан заңды тұлғалар лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Соңғы кезде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алды. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөспірімдер заманауи технологияларлың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды. Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғау қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қолдану қажет деп есептейді.
"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", - деді ол.
Айтуынша, қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады. Президент шетелдіктерді ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салуды тапсырды.
Тоқаев құмар ойындарына тосқауыл қою үшін заңнамалық шаралармен шектеліп қалуға болмайтынын айтты.
Ол заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп санайды. Бұл міндетті орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек.