Видео

Елорда автобустарында "қояндарды" қалай ұстайды

Жазылу
Биыл елорда автобустарында жолақы төлеудің электронды жүйесі енгізілгеніне бес жыл толады. Осы уақыт ішінде халық билет сатып алудың жаңа тәртібіне әбден үйренді

Бас кезінде электронды карта ғана болса, артынан мобильді қосымшалар мен SMS-хабарлама арқылы ақы төлеу жүйесі іске қосылды. Дегенмен жолақыдан жалтаратын "қояндар" әлі де аз емес. Олардың ішінде жастар, тіпті үлкен кісілер де бар. Әркім әртүрлі сылтау айтады.

Алайда көлік бақылау департаментінің қызметкерлері ондай жолаушыларды жақсы біледі, олардың сылтауын да жаттап алған. Sputnik Қазақстан тілшісі бақылаушы жігіттермен бірге тексеріске шықты. 

Бақылаушылардың жұмысы таңғы сағат 7:00-де басталады . Содан түнгі 21:00-22:00-ге дейін жүреді. Осы уақыттың ішінде 50-70 автобусты тексеріп үлгереді.

"Күз айында 56-шы бағытта жүретін маршрутты тексергенде Жұмабаев-Момышұлының қиылысында бір жолаушының төлемегені анықталды. Ол жолаушыны Жұмабаев деген аялдамадан түсіріп, "102"-мен экипаж шақырып, күтіп тұрған кезде жаңағы жолаушы әртүрлі себептерін айтып, менен қаша бастады.Қысқасы, үйіне дейін бардық. Үйіне барғасын бізді жолдасы күтіп алды. Сол жерге "102"-ні шақыратын болдым. Сол жерге келіп, сол жолаушыға айыппұл салынды", - деді көліктік бақылау қызметінің өкілі Жұмбек Жұмбаев.

Тағы қандай қызықты оқиғалар болғанын видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0