Видео

"Оны да менің атыма жазып қоймаңыздар": Путин зәулім сарай жайында қалжыңдады – видео

Жазылу
Ресей басшысы Владимир Путин "Біз біргеміз" атты акцияға қатысушылармен кездесуде сұраққа жауап бере келе, "тағы бір сарай" жайында қалжыңдады

Әңгіме барысында "Біз біргеміз" бүкілресейлік өзара көмек акциясына қатысушылардың бірі Ресей басшысын жаңа оңалту және демалыс орталығының ашылуына қатысуға шақырды.

"Өте жақсы. Тағы бір сарайға ұқсайды екен, сондықтан барамын. Бірақ оны да менің атыма жазып қоймаңыздар", - деп жауап берді Путин.   

Бұған дейін оппозиционер Алексей Навальныйдың командасы президент 100 миллиард рубльге сарай тұрғызғаны жайлы фильм жариялады. Онда сарай Геленджикке жақын жерде, Қара теңіз жағалауында орналасқаны айтылған.

Путин фильмде көрсетілген мүліктердің ешқайсысы өзіне және туыстарына тиесілі емес екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0