Қазақстандағы ірі әскери маневрлер қалай өтті видео

48
Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" полигонында ауқымды екі жақты бригадалық тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Оған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қатысты.

Жауынгерлік оқ қолданылған маневрлерді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов бақылады.

Маневрлер алғаш рет бір-біріне қарсы жауынгерлік іс-қимылдарды шартты түрде белгіленген емес, нақты "бағдарламаланған" сипаттағы іс-қимылдармен жүргізілді.

Тараптар жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлап, тактикалық бүркемелеу, бекініс пен басқару пункттерінің орналасуын ауыстыру іс-шараларын орындады.

Қарсылас пен жергілікті жерді барлаған барлаушылар бөлімшелеріне және ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарына баса назар аударылды. Тактикалық іс-қимылдар үздіксіз, күндіз де және түнде де жүргізілді.

Белсенді кезең барысында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері шабуыл жасаса, Десанттық-шабуылдау әскерлері қорғаныс шебінде болды.

48

Көне және заманауи: Түркістанда туристік кешен ашылды видео

30
Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен – "Керуен-Сарай" ашылды. Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында орналасқан

Кешеннің салтанатты ашылу рәсімі өткен сенбі, 10 сәуірде өтті. Шараға Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты.

Кешен 20,5 гектар аумақта орналасқан және оған Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Тағы оқыңыз: Түркістанда "ұшатын" театр ашылады

Барлық құрылым су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуын өткізу жоспарланып отыр.

30
Кілт сөздер:
туристер, видео, Түркістан

АҚШ әскері Ауғанстан аумағынан шығарылады - видео

42
Ауғанстан тұрғындары Байденнің ел аумағынан америкалық әскерді шығару туралы шешіміне наразы. АҚШ президенті "сарбаздардың үйге қайтатын уақыты келгенін" мәлімдеді

Алайда 20 жыл ішінде тәлібтермен келісімге келіп, бейбітшілікке қол жеткіземіз деген жоспар орындалған жоқ. АҚШ әскері қашан Ауғанстаннан толық кетеді? Неге ресейлік СІМ Вашингтон содырлардың алдында түсініктеме береді деп санайды?

42
Жол, асфальт, архивтегі сурет

Ақмола облысында жол жиегінде болған қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті

891
(Жаңартылды 18:38 17.04.2021)
Жүк көлігі еріген қар суына толы шұңқырға аударылды. Кабинада отырған ер адам оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Шортанды ауданында карьерлердің біріне жақын маңда жүк көлігі еріген қар суына толған жол жиегіне аударылды. Рөлде отырған 27 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан бірнеше ер адам техниканың көмегімен жол жиегінде батып қалған жүк көлігін шығаруға тырысып жатқанын көруге болады. Машина бірнеше секундқа жолға шығады, алайда кейін батпақ пен қар суына толған шұңқырға құлайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewsMakers (@newsmakers.kz)

Шортанды ауданының әкімдігі трагедия 16 наурыз күндіз үштер шамасында Бектау ауылдық округіне жетпей, Шортанды-Жолымбет жолының учаскесінде болғанын нақтылады.

"Шансиман" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Машина алдымен қара жолдың жиегіне аударылды. Кейін оны бульдозермен шығармақ болғанда, еріген қар суына толған шұңқырға батып кетті, жүргізуші қаза болды", - деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі "Гранит +" ЖШС карьеріне қиыршақ тас алу үшін барған. Шыға берерде жол апаты болды. Карьер жұмысшылары көлікті шығарып, жүргізушіні құтқаруға тырысты.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті

Көз жұмған ер адам – 1994 жылғы Мақсат Данияров, Қызылорда облысының тумасы. Полиция марқұмның денесін Нұр-Сұлтанға сараптамаға жіберді.

Бектау ауылдық округінің әкімдігі мерт болған жігіт аталған жүк көлігінің жүргізушісі емес екенін мәлімдеді. Жүк көлігі аударылғаннан кейін, марқұм рөлге отырып, көлікті алып шықпақшы болған, алайда өзі көз жұмды.

Аудандық әкімдіктің ақпаратынша, жүргізуші – 1981 жылғы Абылайхан Мұхамеджанов. Елордада тұрады.

"Шансиман" автокөлігі елордалық "Альстрой Транс Групп" фирмасына тиесілі.

Sputnik Қазақстан түсініктеме үшін Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

891
Кілт сөздер:
видео, жол, жүк көлігі, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Төрт адам жол жиегінде тұрған: жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды
Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар
Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды
"Жедел жәрдемнің" тежегіші істен шыққан: Алматыда жаппай жол апаты болды