Жаңа бейнебаян: Димаш Құдайбергеннің Наурыз мейрамымен құттықтауы

146
(Жаңартылды 19:57 21.03.2021)
Әншінің арнасында жуырда ғана жарияланған "Киелі мекен" әні интернетте жүз мыңдаған қаралым жинаған

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Наурызға арналған жаңа бейнебаянын жариялады.

Бұған дейін Димаштың "Киелі мекен" әнінің үзіндісі Youtube-тегі ресми каналында шыққан. Ал туындының премьерасы осы жылдың қаңтар айында DIMASH DIGITAL SHOW концертінде онлайн-форматта көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар мектепте қалай оқиды – видео

Әннің сөзін жұлдызды орындаушының әкесі Қанат Айтбаев жазды.

Туындыда Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге, адамдарға деген адалдық дәріптеледі. Сондай-ақ, әнде ата-бабаларымыздың бізге қалдырған байлығын ұрпаққа аманаттау туралы айтылады.

146
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, Наурыз

Күзде қандай шарап ішуге болады видео

28
(Жаңартылды 16:41 26.09.2021)
Cіз шарапты дұрыс тамақтану мәзіріне қосқанын білдіңіз бе? Видеода ең сұранысқа ие грузин шараптарын біле аласыз

Ғалымдар Грузия шарап отаны екенін дәлелдеді. Спутник Грузия бұл сусынның ең танымал түрлеріне қатысты видео әзірледі. 

Шарап әзірлеу дәстүрі осыдан 8 мың жыл бұрын басталған. 

Сусынды квеври ыдысында сақтайтын грузиялық тәсіл 2013 жылдан бері Юнесконың мәдени мұрасы тізіміне енді.

Қазіргі уақытта Грузияның ең "шарапты" Кахетия аймағында жүзім жинау науқаны жүріп жатыр. Елде бұл жемістің 500-ден астам түрі өсіріледі, дені Кахетияда.

Спутник Грузия хабарлауынша, биыл 120 мың тонна жүзім өңделген, бұл барша түсімнің 45 проценті. Тәулігіне 10 мың тоннаға жуық өңделеді.

Күзде қандай шарап ішу керектігін видеодан біле аласыз.

28
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Алматыда балабақшаға барған ер адам жұртты әбігерге салды – видео
Қаруланған Талибан* содырлары ұлттық саябақта "аққуға" отырып алды – видео
Қорғаныс министрлігі "Сақ қорғаны" майдан шебінде танк маневрлерін көрсетті – видео
"Оқ атуға мәжбүр болды": Нұр-Сұлтанда полицейлер ұрыны қуып жүріп ұстады – видео
Лезгинка, шарап, президент: Грузия ЭКСПО-да қонақжайлығын көрсетіп жатыр

Қорғаныс министрлігі "Сақ қорғаны" майдан шебінде танк маневрлерін көрсетті видео

28
Қазақстан әскері әскерлердің барлық түрінің жауынгерлік дайындығы мен өзара іс-қимылын тексеруге арналған оқу-жаттығуларды жалғастырып жатыр

Олардың бірі – "Отпантауда" жуырда Қазақстан президенті Қасым -Жомарт Тоқаев болды. Әскерилер бас қолбасшыға техниканың барлық мүмкіндігі мен сарбаздардың қабілетін көрсетті.

Танк құрамалары соғыс қимылдарын жүргізуге арналған ерекше тәсілдерді паш етті. Мысалы жауынгерлік бөлімшелерді пайдалану кезінде жер асты коммуникациялары қолданылды. Алдын ала дайындалған түнелдермен жылжып келе жатқан оқ ату тобы жау қапталдарын қоршап алып, жойды.

Ауыр әскери техника фортификациялық коммуникацияны пайдалана отырып ұрысқа кірісті. Танкистер "Сақ қорғаны" майдан шебінен және "Үңгір-шоқпар" қапталынан оқ атудағы тактикалық әдістерді жетілдіріп жатыр.

28

Әбілхан Қастеев музейіне саяхат: жұртты тамсандырған туындылар фото

0
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Суретші Күлбатыровтың Опера және балет театры суреті
  • Күлбатыровтың Алматы көрінісі суреті
  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Балықшы қыз терракотасы
  • Салихитдин Айтбаевтың Бақыт туындысы.
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев туындылары
  • Әбілхан Қастеевтің Таудағы мұз айдыны туындысы
  • Қапшағай су электр станциясы туындысы
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған

Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Қазір мұнда Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар. Сондай-ақ сурет өнерінің түрлі жанры музей сөрелерінен орын тепкен.

Музейге аты берілген Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.

Сонымен қатар қазір музейде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін қағазға түсірген туындылары қойылған.

Сондай-ақ суретші Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі ашылған. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады. Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.

Музейде қандай туындылар бар екенін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көріңіз.

0
  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі 1976 жылы Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейге 1984 жылы қаңтарда Қазақ КСР халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

  • Суретші Күлбатыровтың Опера және балет театры суреті
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазір көрмеде Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі өтіп жатыр. Ол жерде қала суретшілері мегаполистің көрікті жерлерін бейнелеген. Фотода: суретші Күлбатыровтың "Опера және балет театры" суреті.

  • Күлбатыровтың Алматы көрінісі суреті
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Күлбатыровтың "Алматы көрінісі" суреті. Онда Алатау, Көктөбе мұнарасы мен "Қазақстан" қонақ үйі бейнеленген.

  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Суретші Омышев Алматының орталық мешітін салған. Туынды Алматының туған күніне орай "Алматы суретшілер көзімен" көрмесіне қойылған.

  • Алматы суретшілер көзімен көрмесі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    "Алматы суретшілер көзімен" көрмесі 19 қыркүйекте ашылды, ол 3 қазанға дейін жалғасады.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейге келіп жатқан адам көп. Эстетиканы жақсы көретін жастар мұнда арнайы келіп, фотосессия жасайды.

  • Балықшы қыз терракотасы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейде әртүрлі жанрдағы өнер туындысын тамашалауға болады. Арасында мүсін де, портрет те, натюрморт та бар. Фотода: "Балықшы қыз" терракотасы

  • Салихитдин Айтбаевтың Бақыт туындысы.
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Салихитдин Айтбаевтың "Бақыт" туындысы.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі ғылыми орталықтары бар.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әбілхан Қастеев – Қазақстанның бейнелеу өнер тарихында өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Қастеевтің шығармашылығы жан-жақты, сан қырлы. Ол қазақ халқының белгілі тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың, Амангелді Имановтың портретін бірнеше рет салған. Музейде Қастеев туындылары бөлек залда тұр.

  • Әбілхан Қастеев туындылары
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әбілхан Қастеев туындылары

  • Әбілхан Қастеевтің Таудағы мұз айдыны туындысы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әбілхан Қастеевтің "Таудағы мұз айдыны" туындысы. Суретші Медеу мұз айдынын 1955 жылы салған.

  • Қапшағай су электр станциясы туындысы
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әбілхан Қастеев "Қапшағай су электр станциясы" туындысын 1972 жылы салған.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейдегі орыс өнер коллекциясы 17 ғасырдан бастап 1917 жылға дейінгі аралықтағы өнер туындыларын қамтиды.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейдегі орыс өнері залындағы туындылар

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне келушілер

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қаламгер Мұхтар Әуезов бюсті

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Музейде Николай Константинович Рерихтің "Рухтың шыңдары" көрмесі өтіп жатыр. Оның туындылары таудың алып шыңдарына ұмтылу, рухани даму ізденістеріне шақырады.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Рерихтің туындылары. Қылқалам шеберінің символдық мәнге ие, сондай-ақ түрлі сюжеттік композициялары ұсынылған.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Рерихті туындыларына қарап "Тау шебері" деп атаған. Себебі ол Гималайдың жан дүниесін ашып көрсеткен.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазақ ақыны Олжас Сүлейменов бейнеленген туынды қазақ өнері залының көркі болып тұр.

  • Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейі
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Күләш Байсейітова, Қыз Жібек суреті де қазақ өнері залының сұлулығын арттырып тұрған туындылар.

Кілт сөздер:
фото