Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады видео

131
(Жаңартылды 09:35 02.04.2021)
1 сәуірде Қазақстанда барлық азаматтарға арналған коронавирусқа қарсы ерікті вакцинация басталды. Sputnik Казахстан екпені алу тәртібіне қатысты ақпарат ұсынады

Коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін алдымен тіркелген мекенжай бойынша терапевтке хабарласу керек. Егер емханада вакцинация жасалмаса, онда басқа медициналық мекемеге жібереді. Екпе тегін салынады.

Вакцинацияның алдында дәрігерге қаралу қажет. Ол температура, сатурация, тамырдың соғуы және қысымды тексереді. Одан кейін медицина қызметкері вакцина туралы барлық ақпаратты жеткізеді, екпені кімге салуға болмайтынын және жанама әсерлерін де айтады. Әдетте вакцинадан кейін дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Екпе алатын адамға тиісті құжаттар да беріледі. Соның ішінде вакцинаны алуға келісім беру, я болмаса, одан бас тарту туралы құжат та бар. 

Вакцинация бөлек кабинетте жасалады. Екпені бірнеше минуттың ішінде салып береді. Одан кейін пациентті жарты сағаттай бақылайды. Ондайда аллергиялық реакциялар болса, сол жерде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

Жарты сағаттан кейін пациентті тағы бір қарап шығады. Бәрі дұрыс болса, үйіне жібереді. Одан кейін үш күн бойы емхана дәрігерлері хабарласып, оның хал-жағдайын біліп тұрады. Барлық ақпаратты жазып отырады. 

Сонымен қатар, eGov порталында "Денсаулық төлқұжаты" бар. Сол арқылы вакцинацияның жасалғанын, я болмаса, жасалмағанын көруге болады.

Оқи отырыңыз: Екінші өмір: Мүмкіндігі шектеулі жанның таңғажайып жетістігі – видео

Вакцинаның екінші компонеднтін 21 күннен кейін салады. Ол туралы  SMS-хабарлама жіберіледі. Бір күн бұрын емхана мамандары да қоңырау шалып, адамның денсаулығы туралы сұрайды. 

Екінші екпеден кейін толық вакцинация туралы құжат беріледі. Ал кейбір ұйымдарда кеудеге тағатын естелік белгі де табыстайды. Вакцинация төлқұжаты пациенттің eGov порталындағы жеке кабинетінде орналастырылады.

131
Кілт сөздер:
екпе, вакцина

Ғарышқа Гагарин шақырды: Байқоңырда ғарыш саласының жұлдыздары кездесті - видео

63
(Жаңартылды 18:07 11.04.2021)
Қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов Байқоңыр ғарыш айлағынан "Ю.А.Гагарин" ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады

Юрий Гагарин 60 жыл бұрын басқарылатын ғарыш дәуірін салтанатты түрде ашқан болатын. Тарихи қадам қазақстандық жерде жасалды.

9 сәуірде 60 жылдық мерейтой қарсаңында Байқоңырдан Ю.А.Гагарин ("Союз МС-18") ғарыш кемесі  ұшырылды.

"Алпыс жыл бұрын ғарышқа алғаш рет Юрий Алексеевич Гагарин ұшты. Оның артынан ерген біздер ғарыш саласына келдік. Ал бүгін біз осы еңбектің жемісін көріп отырмыз. Бүгін тағы бір экипаж ғарышқа аттанды. Барлығы біздің шәкірттер, бұл ғарышкерлердің жаңа толқыны, олардың мүмкіндіктер де басқа. Мен бәрін құттықтаймын, барлығына денсаулық тілеймін", - деді Қазақстанның халық қаһарманы, ашық ғарыш кеңістігіне шыққан тұңғыш қазақ Талғат Мұсабаев.

Оқи отырыңыз: Ғарышкерлер ұшар алдында не істейді – Байқоңырда түсірілген видео

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Кеңес ғарышкері Юрий Гагариннің көк жүзіне самғап, аспан әлеміне алғаш жол ашуы бүкіләлемдік ғылымның айрықша серпінмен қарыштап дамуының жарқын көрсеткішіне айналды.

"Адамның ғарышқа алғаш ұшуы -  таңғаларлық оқиға дер едім. Бұл бүкіл адамзат үшін таңғажайып оқиға. 60 жылдан кейін 600 ғарышкер ғарышта болса да, бұл оқиға біз үшін әлі де маңызын жоғалтпады. Жер орбитасына шыққан уақытта біздің ортақ үйіміз, ғаламшар қаншалықты кішкентай екенін байқауға болады. Барлық елдердің саясаткерлері бірігуі керек. Біз өзімізді бір ғаламшардың, бір үйдің ортақ тұрғынымыз деп есептеуіміз керек. Барлық әріптестерімді, барша қазақстандықтарды адам баласының ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуымен құттықтаймын", - деді ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

63
Кілт сөздер:
Байқоңыр, ғарыш

Кунг-фуды шебер меңгерген қытайлық қыз көпшілікті таңғалдырды видео

91
Ян Цзысюань кунг-фумен үш жастан бері айналыса бастаған. Қазір ол 7 жаста және ол Брюс Лидің киносындағы жекпе-жек өнерінің көріністерін жетік меңгерген

Ян Цзысюань өзінің спорттық жетістіктерімен көпшілікті таңғалдырып, әлеуметтік желінің жұлдызына айналды.

Оның ата-анасы алты жүзден астам жазылушыны қуанту үшін қызының жаттығуын видеоға түсіріп, желіге жүктейді.

Оқи отырыңыз: Ғарышкерлер ұшар алдында не істейді – Байқоңырда түсірілген видео

Ян Цзысюань кунг-фу элементтері мен нунчаки таяқшаларымен жұмысты және тік айналу қозғалыстарын өте шебер орындайды.

Қыздың анасының айтуынша, ол кішкентайынан Брюс Лидің киноларын көруді ұнатып, оның жекпе-жектеріне еліктеген.

91
Кілт сөздер:
жасөспірім, спорт
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0