"Карнивак-Ков" вакцинасын Россельхознадзор ғалымдары жасады. Вакцина ит, мысық пен аңдарға арналған.
Бүгінде бұл COVID-19-ға қарсы егілетін және жануарларға арналған жалғыз профилактикалық препарат. Басқа елдерде оның теңдесі жоқ.
акцинацияланған жануарлар иммунитеті кем дегенде алты ай бойы сақталады.
Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екпе қалай салынады – видео
Вакцинаның жаппай өндірісі қашан басталады және оның иммунитеті қанша уақытқа созылады. Сондай-ақ, препарат коронавирус мутациясын тоқтатуға көмектеседі ме? Оның жауабын видеодан тамашалаңыз.
Кешеннің салтанатты ашылу рәсімі өткен сенбі, 10 сәуірде өтті. Шараға Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты.
Кешен 20,5 гектар аумақта орналасқан және оған Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.
Тағы оқыңыз: Түркістанда "ұшатын" театр ашылады
Барлық құрылым су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуын өткізу жоспарланып отыр.
Алайда 20 жыл ішінде тәлібтермен келісімге келіп, бейбітшілікке қол жеткіземіз деген жоспар орындалған жоқ. АҚШ әскері қашан Ауғанстаннан толық кетеді? Неге ресейлік СІМ Вашингтон содырлардың алдында түсініктеме береді деп санайды?
НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Ертең, 18 сәуірде елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, дауыл тұрады, тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.
Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерді тұман басады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.
Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.