Видео

Зейнеткер жылдар бойы мүсіндер коллекциясын жинады – видео

Жазылу
Өткен дәуірдің көптеген мүсіні мен бюсттері жиналған бұл жер кеңес дәуірін еске салатын саябаққа ұқсайды

Примория өңірінің зейнеткері Николай Белов таңғажайып коллекцияларды жиырма жылдан бері жинаған.

Оның айтуынша, оған алғашқы экспонат-бюстті ұлы пролетариат көсемінің ұлы сыйлаған.

"Лениннің тағы бір бюстін Хабаровскідегі досым әкелді. Оны басқа жерден жинаймын деп ойладым. Бірақ сол жақтан табылды. Әрине, бәрін сатып алуыма тура келді. Өйткені, оларды ешкім жай ғана бере салмады", – дейді коллекционер.

Шағын алаңқайда революция көсемдері мен жас пионерлердің, жүзінде қуаныштың табы бар жұмысшылардың мүсіндері орналасқан. Ал коллекциялардың арасындағы сүт құятын ыдыс ұстаған әйелдің мүсіні көпшіліктің ықыласын өзіне бірден аударса керек. Беловтың айтуынша, бұл мүсін оған кеңес заманында колхозда жұмыс істеген анасын еске салады. Коллекция иесінің пайымдауынша, мұның бәрі оның кеңес дәуіріне деген сағынышы мен құрметтің белгісі.

Оқи отырыңыз: Ғарышқа Гагарин шақырды: Байқоңырда ғарыш саласының жұлдыздары кездесті - видео

Николай Белов үшін барлық экспонаттарды бір жерге жинау оңай болмаған. Өйткені, олардың кейбірінің салмағы бір тоннаға жуықтайды.

Осылайша, жылдар бойы жинаған түрлі мүсіндер мен бюсттер коллекциясын 73 жастағы зейнеткер сатқысы келеді. Алдына жаңа мақсат қойған қария енді елді шарлап, саяхат құрығысы келеді, ал ол үшін қаражат керек.

Жаңалықтар
0