Видео

Үш "снегоход" ауыстырған: зейнеткер әйел техниканың тілін меңгерді – видео

Жазылу
Қарағанды ​​облысындағы Жеңіс ауылында тұратын зейнеткер Гүлнәр Қылышева далада қар кешкішпен жүреді. 63 жастағы әйел "темір тұлпарымен" мал бағады

Гүлнәр Қылышеваның тұңғыш ұлы бастапқыда көлік құралын өзіне сатып алған, алайда көп ұзамай анасына үйретіпті.  

"Тұңғышым қар кешкішті жүргізіп көресің бе деп сұрады. Мен қарсы болмадым. Содан үйреніп алдым, мініп алып, малға қарап келемін, кейде жайдан-жай шығып кетемін, мұнда адамдар жоқ, ауа таза", - дейді Гүлнәр.

Зейнеткердің айтуынша, ол отбасындағы тұңғыш бала болған, сондықтан әкесі оған ер адамдардың ауыр жұмысын үйреткен. Он үш жасында атқа мініп, совхоздың 700 қойын бағыпты.

"Мен әрдайым әкеме көмектескім келді. 13 жасымнан атқа мінуді үйреніп, қой бақтым. Егер әкем малға кетсе, мен сарайдағы, ауладағы жұмыстың бәрін істедім, осылайша әкемнің көмекшісі болдым. Атта отырып қойды өңгеріп алатын едім, әрине, қазір ондай күш жоқ", - деді әйел.

Ол 30 жасында жесір қалды. Сол кезде күніне 45 бас бие сауып, жергілікті тұрғындарды қымызбен қамтамасыз етіпті.

Гүлнәр үйде бос отыра алмайтынын айтады. Жыл сайын шипажайға барады, бірақ демалыс уақытына әрең шыдайды.

Гүлнәр күні бойы қыстақта болып, ешкімнің көмегінсіз мал баға алады.

Әйелдің екі ұлы мен төрт қызы бар, олардан 19 немере және бір шөбере сүйіп отыр.

Жаңалықтар
0