Владимир Путин Федералды жиналысқа жолдау жасады видео

70
(Жаңартылды 17:45 21.04.2021)
Ресей басшысы әлемді жайлаған коронавирус пандемиясынан кейін елді қалай қалпына келтіруге болатынын әңгімеледі

Ресей президенті Владимир Путин "Манеж" орталық көрме залында Федералды жиналысқа өзінің жыл сайынғы жолдауын жасады.   

Іс-шараға қатысу үшін барлық шақырылушы үш рет ПТР-тестілеуден өтті. Былтыр жолдауға 1 300 адам қатысты, бұл жолы қанша адам жиналатыны айтылмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының саны да едәуір қысқарды – өткен жылы жолдауды 900 БАҚ өкілі таратқан болса, биыл тек 435-і ғана аккредиттелді.

Оқи отырыңыз: Лукашенко Беларусьте әскери төңкерісті кім дайындағанын айтты – видео

Видеоның толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

70

Жамағат айт намазына жиналды: Ақтаудағы мешіт ауласының таңғажайып көрінісі видео

58
Ақтау қаласының әкімдігі қала тұрғындарының Ораза айт мерекесінде қалай намаз оқығанын көрсетті. Азаматтар айттың алғашқы күніндегі таңғы намазға Бекет ата орталық мешітіне келді

Биыл пандемияға байланысты қазақстандықтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, ашық аспан астында мешіттердің ауласында айт намазын оқыды.

Ораза айт - қасиетті Рамазан айында оразаның аяқталғанын білдіреді.

Оқи отырыңыз: Халық сыймай кетті: Нұр-Сұлтанда айт намазы қалай өтті – фото

Айта кетейік, өткен жылы дәстүрлі айт намазы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттерде оқылмады.

58
Кілт сөздер:
Ақтау, айт намазы, ораза айт

Нұр-Сұлтанда айт намазы ашық аспан астында оқылды - видео

46
2020 жылы пандемияға байланысты жамағатпен бірге оқылатын айт намазы өткізілмеді

Биыл эпидемиологиялық жағдай толығымен түзелмесе де, мұсылмандық парызды орындауға рұқсат берілді. Бірақ құлшылық тек далада ғана жаслады. Мешіттің ішінде жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат жоқ. Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Астана мешітіне барып, Ораза айт намазына қатысып қайтты.

46
Кілт сөздер:
Ораза, ораза айт, Рамазан-2021, рамазан айы, айт намазы, видео
Тақырып:
Рамазан - 2021
Ақтоты Райымқұлова

Министр Райымқұлова орынбасарының ұсталуына қатысты: оставкаға кетуге дайынмын

71
Министр өзінің қызметтен кетуі үшін алдымен өз орынбасарының кінәсі толық дәлелденуі тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пара алды деп айыпталған орынбасарының кінәсі дәлелденсе, оставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пара алды деген күдікпен ұсталған вице-министр Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, сіз отставкаға кетуге дайынсыз ба?", деп сұрады журналист мәдениет министрінің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте.

"Ең алдымен, Конституция бойынша кінәсіздік презумпциясы бар екенін еске салғым келеді және ең бірінші кінә дәлелденуі керек. Егер оның кінәсі дәлелденсе әрине, мен заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш беремін. Кінәсі дәлелденген жағдайда", – деп қайталады Райымқұлова.

Айта кетейік, биыл ақпан айында мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды. Шенеунікке букмекерлік қызмет саласындағы заңды тұлғаның өкілдерінен пара алды деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз: Мәдениет министрі жаңа норма туралы: әншілер дөрекі мінезі үшін жазаланады

71
Кілт сөздер:
отставка, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып бойынша
Мөлдір Әуелбекованың орамал туралы әңгімесі: мәдениет министрі пікір білдірді
Әліпбиді латынға көшіру жұмыстарын басқа министрлік жалғастырады – Райымқұлова
Жаңа мәдениет министрі: Ақтоты Райымқұлова туралы не білеміз?
Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті