Алматы тұрғындары хайуанаттар бағындағы қонжықтарға ат таңдады видео

30
Алматы хайуанаттар бағында Тянь-Шань аюының 2021 жылдың алғашқы күнінде өмірге келген балалары өсіп келеді

Қалалықтардың әлеуметтік желіде дауыс беру нәтижесі бойынша қонжықтарға Уолт Дисней мультфильмі кейіпкерлерінің құрметіне Кенай және Кода деген ат таңдалды.

Олар анасымен бірге Алматы зообағының жалпы экспозициясындағы торға ауыстырылды.

"Қазір қонжықтар төрт айлық, бірақ әлі ана сүтімен қоректенеді. Балық, ет береміз, алайда әзірге өздігінен тамақтанбайды, оны ойыншық ретінде көбірек пайдаланады", - дейді Алматы хайуанаттар бағындағы жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің бастығы Дәурен Кенжебаев.

Оның айтуынша, крекей (ұрғашы аю) әлі күнге дейін ерекше тәсілмен тамақтанады. Қонжықтар дүниеге келгеннен бастап оның рационы 50%-ке ұлғайтылды.

30

Ресейдің Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдауына не түрткі болды

20
Владимир Путин мемлекеттік думаның қарауына Ресейдің Ашық аспан келісімінен (ААК) бас тартуы туралы заң жобасын енгізді

Қырғи-қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту мақсатында бұл құжатқа 1992 жылы қол қойылған болатын. 2020 жылдың қарашасына дейін оған 30-дан астам мемлекет мүше болды. Бірақ АҚШ бұл келісімнен шықты. Осы жылдың қаңтарында Ресей де осы бағыттағы процесті бастады. Мәскеу не себепті келісімнен шығуға бел буды?

20

Қазан мектебіндегі атыс: оқ жаудырған жігіт туралы көршілері айтып берді видео

1414
Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте болған атыстың куәгерлері қайғылы оқиғаның қалай өрбігенін еске алды

Қазан тұрғындары 11 мамыр күні жергілікті мектепте болған қайғылы оқиға жайлы айтты.

"Жарылыс болды. Терезеден қарадым, бәрі жүгіріп жүр, не болып жатқанын көрейін деп сыртқа шықтым. Мектепке жақындап келдім, балаларды алып шығып жатыр екен, бәрі қан-жоса. Содан кейін үйіме келдім, ол жаққа да кіргізбей қойды", - деп еске алды қайғылы оқиғаны жергілікті тұрғындардың бірі.

Оқ жаудырған Ильназ Галявиевтің көршісі оны сырт көзге "жақсы, зиялы жігіт" болып көрінгенін, оны мұндай әрекетке барады деп ойламағанын айтты.

Ильназ Галявиев қолданған қарудың ресми түрде тіркелгені белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазандағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Айта кетейік, Қазан мектебіндегі атыс салдарынан сегізінші сыныптың жеті оқушысы және бастауыш сыныптың мұғалімі көз жұмды

Оларға оқ атқан осы мектептің он тоғыз жасар түлегі. Күдікті қолға түсті. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Енді Татарстанда барлық оқу орны тексеріліп жатыр. Сондай-ақ Ресейде қаруға иелік ету ережелері күшейтіледі.

1414
Кілт сөздер:
Татарстан, оқушылар, мектеп, атыс
Тақырып бойынша
Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады
Қазанда мектепте атыс шығарған екінші күдіктінің көзі жойылды
Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді – видео
Қазан мектебіндегі атыс: 25 жастағы мұғалімнің қалай көз жұмғаны белгілі болды
Балалар, архивтегі фото

Ақтөбе маңында екі бала суға батып кетті

0
Қаза болған балалар 5 және 6 жаста болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ересектердің қарауынсыз жүрген екі бала суға батып кетті. Бұл туралы жергілікті "Мой Город" басылымы хабарлады.

Қайғылы жағдай 12 мамыр түнде болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар түнгі 22:29-да түскен. 5 және 6 жастағы екі бала Ақтөбе маңындағы Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен.

Оқи отырыңыз: Семей тұрғыны Ертіс өзеніне құлап кетті

Оқиға орнына құтқарушылар келгенше ауыл тұрғындары бес жастағы баланың денесін судан шығарып алған. Түнгі он екі шамасында құтқарушылар жағадан үш метр, тереңдігі 7 метр жерден екінші баланың денесін алып шықты, ол 6 жаста болған.

Екеуінің ересектердің қарауынсыз жүргені, суға киімсіз түскені анықталды. Соған байланысты төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, суға батты, су, балалар
Тақырып бойынша
Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео
Нұр-Сұлтанда 21 жастағы қыз бассейнге батып кетті
Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті
Балаларды құтқармақ болған: Есіл ауданында селфидің соңы қайғылы аяқталды
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады