Видео

Алматы көшелерін су басты - видео

Жазылу
Алматыда жұма кешке басталып, сенбі түске дейін жауған толассыз жауыннан көшелерді су басып қалды

Әсіресе Әл-Фараби мен Назарбаев қиылысындағы көпірдің астына жиналған су тізеге жетіп қалады. Электр жарығы сөніп, су сорғыш қондырғы істемей, жағдай ушыққан. Сондай-ақ ағын су аулалар мен жертөлелерге де жайылған.

Коммуналдық қызмет мамандары күні бойы жұмыс істеп жатыр.

Ал Алматы облысында ағын су Лепсі өзеніндегі айналма автомобиль көпірін ағызып әкеткен.

Жаңалықтар
0