"Медуза", АҚШ визасы және YouTube: Ресей СІМ ресми өкілі сұхбат берді

98
Ресейдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Мәскеудің Еуроодақ пен АҚШ әрекетіне қалай жауап беріп отырғанын айтты

Sputnik агенттігінің коммуникация бойынша департамент директоры Петр Лидовке берген сұхбатында Мария Захарова Америка визасын алу жүйесін сынады.

"Виза беру тәртібі АҚШ-тағыдай ешбір мемлекетте күрделенбеген. Мұнда өтініш білдірген азаматпен көзбе-көз кездеседі, мерзімі ұзақ. Біз америкалықтарға бетпе-бет кездесусіз 7-10 күн ішінде визе береміз. АҚШ-тан ресейлік дипломаттар қуылғаннан кейін де біз виза беру тәртібін өзгерткен жоқпыз", - деді ол. 

Сонымен қатар Захарова Батыс Ресеймен қарым-қатынасты әдейі нашарлатып жатыр деп мәлімдеді.

"Біздің конструктивті диалог орнатуға бағытталған кез келген әрекетіміз ЕО тарапынан бұғатталып отырды", - деді Захарова.

Мария Захарованың толық сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.

98

Зейнеткерлерге арналған виртуалды саяхат видео

20
Бүгінде жаңа технологиялардың арқасында егде жастағы адамдар да жер шарын айналып, саяхат жасай алады

Ол үшін үйден шығудың қажеті жоқ. VR-көзілдірік тақса болды. Осы құрылғы зейнеткерлерге несімен пайдалы екенін видеодан тамашалаңыз.

Испаниядағы қарттар үйінде жаңа құрылғы қолданыла бастады. Аталар мен әжелер VR-көзілдірікті киіп, күнде әлемді шарлап, саяхатқа шығады. Бірақ психологтар виртуалды турнені бақылап отырады. 

Оқи отырыңыз: Армениялық "Ван Даммның" көзтартарлық трюктері желіні таңғалдырды

Мамандардың айтуынша, виртуалды саяхат егде жасатағы адамдардың күйзеліске түсуін азайтады. Көңіл-күйді көтеріп, миді сергек ұстауға көмектеседі. Бұл жердегі зейнеткерлер көп жағдайда Флоренцияда серуендеп жүргенді ұнатады екен.

20
Кілт сөздер:
саяхат, зейнеткерлер

Армениялық "Ван Даммның" көзтартарлық трюктері желіні таңғалдырды

48
Еревандық спортшыға жергілікті Ван Дамм деген лақап ат берілген – ол жүріп бара жатқан екі көліктің үстінде шатқа отырып, атақты киноактердің қауіпті трюктерін орындады

Алайда армян спортшысының көзтартарлық трюктері мұнымен бітпейді: ол шығыршық арқылы секіреді, тік қабырғамен "жүгіреді" және жекпе-жек өнерінен шеберлігін көрсетеді.   

Ер адам өзінің трюктерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салады, соның арқасында ол интернет қолданушылары арасында танымал болып үлгерді.

Армян спортшысы 32 жаста. Ол өзінің трюктерінде мүмкін емес нәрсе жоқ деп санайды. Ең бастысы табандылық, ерік-жігер және жақсы физикалық дайындық қажет.

48
Газ терминалы

АҚШ сұйылтылған табиғи газ экспортын арттырды

0
Америкалық сұйылтылған табиғи газ экспорты (СТГ) рекордтық көрсеткішке жетті. Бірақ Вашингтон бұл дүрбелең жақында басылады деп қауіптеніп отыр

Өйткені, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Еуропаға ресейлік арзан отын жеткізіле бастайды, деп жазды РИА Новости.

Наурызда америкалықтар шетелге күніне 10,5 миллиард текше фут сұйылтылған газ жөнелтіп отырды, деп хабарлады АҚШ энергетика министрлігінің энергетикалық ақпарат басқармасы (ЕІА). Сәуірде бұл көрсеткіш 9,2 болатын. Оның өзі көктем басындағы мінсіз максимум болды.

Баяндамада көрсетілгендей, өткен жылы және осы жылдың қаңтарында АҚШ-тан жеткізілетін СТГ экспортының басым бөлігі Азияға тиесілі болды. Бірақ ақпан мен наурызда ол газдың жартысын Еуропа сатып алып тұрды. Себебі ол жақтағы спотта баға азиялықпен теңесті.

"Мамырда тәулігіне 8,6 миллиард футқа дейін қысқарады деп күтіп отырмыз. Жаз айларында Еуропа мен Азиядағы сұранысты қанағаттандыру аясында бұл көрсеткіш 9 миллиардтан жоғарылайды деген болжам бар", – дейді ведомствода.

Халықаралық энергетика агенттігі 2024 жылға қарай америкалықтар осы сегментте көшбасшы боулы мүмкін екенін жоққа шығармады. ХЭА есебі бойынша АҚШ, Австралия және Ресейдегі табиғи газды сұйылту бойынша бірлескен қуат ол уақытқа дейін СТГ әлем экспортының 90%-ін құрайды.

Алайда Катар сынды ірі экспорттаушы Азия нарығына АҚШ-қа жол бере қоюы екіталай. 2020 жылы таяушығыстық бұл мемлекет 77,6 миллион тонна СТГ экспорттады. Бұл жалпы жеткізулердің 26,5 процентін құрайды. 2024 жылға қарай Парсы шығанағы жағалауындағы кішкентай монархияның газ өндіру көлемі екі есе артады. Ақпанда Дохада Солтүстік кен орнының шығыс бөлігін пайдалану бойынша инвестициялық соңғы шешім қабылданды.

Катардан кейінгі орында 26 проценттік көрсеткішпен Австралия тұр. Үшінші орынға АҚШ (14,7) және төртінші орынға Ресей (10) жайғасты.

Солтүстік мұзды мұхиттағы мұнай және газ ресурстарын жоспарлы түрде игеру он бес жылдан бері ресейлік биліктің әлеуетінде тұр. Наурызда Ресейдің министрлер кабинеті сұйылтылған табиғи газ өндірісін дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бекітті. Ол пайдлы қазба көздерін әртараптандыруға, ең алдымен Арктика қайраңы мен Қиыр Шығысты пайдалануға бағытталған.

OilPrice америкалық басылымы жазғандай, егер АҚШ тақтатас өндірісі есебінен ірі экспорттаушының біріне айналса, Ресейге Арктика көмектеседі. Аймақтағы пайдалы қазба қоры үлкен: табиғи газ – 35,7 миллиард текше метр, мұнай мен конденсат – 2,3 миллиард тонна.

Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, 2025 жылға қарай Ресей жылына 68 миллион тонна сұйылтылған табиғи газ өндіріп, әлем нарығындағы үлесін 25 процентке арттыра алады.

OilPrice аналитиктері еуропалықтар үшін ресейлік құбыр желілік газ ғана емес, сондай-ақ сұйылтылған табиғи газ да тартымды екенін атап өтті.

"Ұзақ мерзімді келешекте Ресейдегі СТГ Еуроодақ тұтынушылары үшін оң шешім болады. Себебі АҚШ-қа қарағанда жеткізу жылдамырақ және арзан. Энергетикалық тәуелсіздікті қалайтын Литваның да Ресейден СТГ сатып алуы бекер емес", – деп санайды өнеркәсіптік тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.

Оның айтуынша, америкалық жеткізушілер үшін Қытай мен Жапония басымдылыққа ие. Себебі бұл мемлекеттерде баға жоғары. Сондықтан ресейлік СТГ мұхиттың арғы жағынан жеткізілетін газды Еуропа нарығынан ысыруы мүмкін.

Қалай болғанда да сын-қатер де жоқ емес. 2025 жылға дейін сұйылтылған табиғи газдың әлем нарығында шамадан тыс көп болуы есебінен бағаның аса жоғары болуын күтудің қажеті жоқ.

0
Кілт сөздер:
мұнай, газ