"Солтүстік ағын 2" жобасына тыйым салынуы мүмкін

119
(Жаңартылды 19:12 02.05.2021)
Еуропарламент "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының құрылысын тоқтатуды талап ететін резолюцияны қолдап дауыс берді

29 сәуірде қабылданған құжатта еуропалық депутаттар ЕО Ресейден энергетиклық тәуелділікті төмендетуі керек екенін алға тартты. Еуропа парламентарийі "Солтүстік ағын – 2" жобасынан бөлек Мәскеуді SWIFT банкаралық жүйесінен ажыратуға шақырды. "Солтүстік ағын – 2" – Балтық теңізі арқылы Ресейден Германияға бағытталған газ құбырының коммерциялық жобасы. Ол құбыр арқылы газ еуропалықтардың үйлеріне жеткізіледі. Еуропарламент резолюциясына Мәскеу мен Берлин қалай жауап берді? "Солтүстік ағын – 2" тағдыры не болмақ?

119

Жамағат айт намазына жиналды: Ақтаудағы мешіт ауласының таңғажайып көрінісі видео

52
Ақтау қаласының әкімдігі қала тұрғындарының Ораза айт мерекесінде қалай намаз оқығанын көрсетті. Азаматтар айттың алғашқы күніндегі таңғы намазға Бекет ата орталық мешітіне келді

Биыл пандемияға байланысты қазақстандықтар санитарлық нормаларды сақтай отырып, ашық аспан астында мешіттердің ауласында айт намазын оқыды.

Ораза айт - қасиетті Рамазан айында оразаның аяқталғанын білдіреді.

Оқи отырыңыз: Халық сыймай кетті: Нұр-Сұлтанда айт намазы қалай өтті – фото

Айта кетейік, өткен жылы дәстүрлі айт намазы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттерде оқылмады.

52
Кілт сөздер:
Ақтау, айт намазы, ораза айт

Нұр-Сұлтанда айт намазы ашық аспан астында оқылды - видео

46
2020 жылы пандемияға байланысты жамағатпен бірге оқылатын айт намазы өткізілмеді

Биыл эпидемиологиялық жағдай толығымен түзелмесе де, мұсылмандық парызды орындауға рұқсат берілді. Бірақ құлшылық тек далада ғана жаслады. Мешіттің ішінде жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат жоқ. Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Астана мешітіне барып, Ораза айт намазына қатысып қайтты.

46
Кілт сөздер:
Ораза, ораза айт, Рамазан-2021, рамазан айы, айт намазы, видео
Тақырып:
Рамазан - 2021
Жошы хан кесенесі

Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті

0
(Жаңартылды 12:23 14.05.2021)
Министрдің айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Осы жылдың маусымында Қарағанды облысында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін ашу жоспарланып отыр", – деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында "Абай жолымен" атты ақпараттық тур өткізу көзделуде.

Министр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Бүгінгі таңда мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған этнотуризм ерекше өзектілік пен танымдылыққа ие. Осы бағытта маусым-қыркүйек айында Алматы қаласының туристік тартымды орындарында қолөнер шеберлерінің қатысуымен "Ұлы дала мұрасы" жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Домалақ ана кесенесінің шырақшысы: Алматы әкімі әйелімен зиярат етіп, кейін ұлды болды

Сондай-ақ ұлттық тағамдар мен Қазақстан халықтарының тағамдарын танымал ету мақсатында түрлі фестивальдер өткізілмек.

0
Кілт сөздер:
Ақтоты Райымқұлова, мәдени нысандар
Тақырып бойынша
Депутаттар Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынды
Ежелгі шаһар тарихын бейнелейтін нысан: Тараздағы "Тектұрмас" этно-тарихи кешені – фото
Мәдени іс-шаралар тоқтатылды, ал қаржы қалай игерілуде – министр жауап берді
Алтын Орданың құпиялары: археологтар ежелгі кесененің орнын тапты
Омбыда "Абай" мәдени-іскерлік үйі ашылды