АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді видео

112
Америка Құрама Штатының жауынгерлері елде 20 жыл бойы қызмет еткенімен Ауғанстанға ешқандай еркіндік әкелген жоқ. Ол жерде соғыс әлі де жалғасуда

Вашингтон бұл елден өз әскерін шығаруды ресми түрде 2021 жылдың 1 мамырында бастады. Америкалықтар аймақтан қиын жағдайда кетіп жатыр, дейді Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Патрушев БАҚ-қа берген сұхбатында.

Ауғанстан лаңкестік оқиғалардан ең көп зардап шеккен елдер тізімінің көш басында тұр. 2021 жылдың үш айында ғана бұл елде 3,5 мыңнан астам адам террористік шабуыл салдарынан қайтыс болды.

Ауғанстанда героин өндірісі 2001 жылдан бастап он есе өсті. Қазір әлемдегі заңсыз апиын айналымының 80%-і аталған елге тиесілі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан полигонынан жаңа зымыран ұшырылды – видео

Жергілікті әскерилерді оқыту міндеті де жүзеге асырылмады. Осылайша, Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштері толық жасақталмаған күйде қалды.

Сондықтан да Патрушев американлықтар елде болған кезде жағдай тек жағымсыз жаққа қарай өзгерді деп санайды.

112
Кілт сөздер:
АҚШ, Ауғанстан

Отанға оралу: Ржев маңында қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды видео

32
Сәуір айының соңында ресейлік "Пионер" іздеу тобы Ржев маңынан майданда мерт болған үш жауынгердің сүйегін тапты. Марқұмдардың өздерімен болған медальондарының арқасында олардың қазақстандық сарбаздар екені анықталды

Олардың есімі – Қамен Жұманов пен Төлебай Жұмабеков және Жағыпар Оразбаев еді. Сүйектер Белково тоғайынан табылды. Ал бұл жерде Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан шыққан жауынгерлерден құралған 114-атқыштар бригадасы шайқасқан.

Еріктілер қайтыс болған жауынгер Қамен Жұмановтың қызы – 83 жастағы Мәдиниет Аяпбекованы да таба алды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Мәдиниет апа әкесінің сексен жыл бұрын майданға аттанғанын айтқан. Ал 1941 жылы ол небәрі үш жаста болатын.

Бүгінгі таңда Қамен Жұманов пен Төлебай Жұмабековтің сүйегін отанына жеткізіп, жерлеу жоспарланып отыр. Ал үшінші сарбаз – Жағыпар Оразбаев – 22 маусымда Ржевтегі мемориалды зиратқа жерленеді.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар Ұлы Отан соғысының батырларын біле ме – видео

Айта кетейік, "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың мамырында құрылды. Оның басты мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен қазақ жауынгерлерінің тағдырын анықтау. Ұйым дерегінше, Қазақстаннан 271 000-нан астам жауынгер ұрыс даласында хабарсыз кеткен.

Қазіргі кезде қоғамдық бірлестік Ресей, Беларусь, Украина және басқа да елдердің іздестіру топтарымен өзара байланыс орнатқан. Екі жыл ішінде "Атамның аманаты" ұйымына 4 мыңнан астам жауынгер ұрпағынан өтініш түскен. Оның ішінде 850-ге жуық адамға қатысты деректер анықталды.

32
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Ұлы Отан соғысы

Мәскеудің Қызыл алаңындағы Жеңіс парады толық видео

174
(Жаңартылды 15:16 09.05.2021)
Мәскеуде Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған әскери парад өтті

Осыдан жетпіс алты жыл бұрын Берлинде Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Ұлы Жеңіс күні мерекесінің тарихы осылай басталды.

Жыл сайын бұл күні адамзат тарихындағы осы сұрапыл соғыстан қаза болғандардың рухына тағзым етіліп, аман-есен жеңіске жеткендерге құрмет көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Жарты миллион қазақстандық Жеңіс жолында қаза тапты – Тоқаев 

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Жеңіс парады Мәскеудегі Қызыл алаңда өтіп келеді. Бұл – тарихқа құрмет және бейбіт өмір сүруге мүмкіндік берген, Жеңісті сыйлаған халықтардың болашақ ұрпағын тәрбиелеу элементі.

2021 жылы парад қалай өтіп жатқанын видеодан көріңіз. 

174
Екпені тасымалдау

Денсаулық министрлігі отандық вакцинаға қатысты тараған ақпаратты жоққа шығарды

396
(Жаңартылды 12:46 10.05.2021)
Ресми мәліметке сәйкес, стикерлеу жұмысы СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүргізілген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандық студенттерді Қытайдан әкелінген вакцинаның жапсырмасын қазақстандық екпеге ауыстыруға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат тарап кетті. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.  

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиожазбада әйел медициналық оқу орнында оқитын студентті кездестіргенін айтады. Оның айтуынша, студенттерді сабақ уақытында жасырын түрде "СК-Фармацияның" қоймасына алып барады да, қытайлық вакцинаға қазақстандық екпенің стикерлерін жабыстыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп шетелдік препаратты отандық өнім ретінде ұсынады. Қоймаға ұялы телефонмен кіргізбейді және орындалуы тиіс күнделікті жоспар бекітілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық вакцинаны QazVac стикерлеріне ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 сәуірде Қазақстанға "Hayat-Vax" вакцинасының 400 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл – Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық екпе.

Вакцинаның нұсқаулығы мен белгілері араб және ағылшын тілінде жазылған. Ал "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 242-бабына сәйкес елімізде барлық дәрілік заттар қаптамасына қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулық анық таңбамен жазылып, айналымға түсуі тиіс.

"Қажетті белгілерді қоюға және нұсқаулығы бар парақтарды буып-түюге ерікті студенттер көмектесті", – дейді министрлік мамандары.

Стикерлеу СК-Фармацияның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе мен Шымкент қаласындағы хабтарында жүзеге асырылды. Әр қоймада 20-40 штаттық қызметкер жұмыс істеді. Жұмысты тездету мақсатында еріктілердің көмегі ұсынылды. Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 5 адам, Ақтөбе қаласында – 10 адам.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Қоймаға кірердің алдында барлық келушіге тиісті ережелер түсіндірілді. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық та берілді. Ал стикерлер мен аннотацияларды дайындау, сондай-ақ стикерді қаптамаға жабыстыру волонтерлік қызмет негізінде жасалғандықтан қандай да бір келісімдер мен шарттарға қол қою көзделмеген.

396
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина
Тақырып бойынша
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды
Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды