Алматылықтар Ұлы Отан соғысының батырларын біле ме видео

70
(Жаңартылды 15:08 09.05.2021)
9 мамырда ұлы Жеңіске тура 76 жыл толды. Осы дата қарсаңында Sputnik Қазақстан тілшілері азаматтардың тарихты қаншалықты білетінін тексеру үшін Алматы көшесіне шықты

Сұрақ қарапайым – Ұлы Отан соғысының кем дегенде бес қазақстандық батырын атаңыз.  

Мегаполис тұрғындары бес қазақстандық батырдың атын атауға дайын болмай шықты. Кейбірі біреуін де атай алмады.

"Бауыржан Момышұлы сияқты ... жоқ, қалғаны есімде жоқ", - деп жауап берді кейбір респонденттер.

Тілшілер түрлі жас санатын қамтуға тырысты. Тарихты жас ұрпақ та, аға буын да білмейтіні таңқалдырды.

"Бесеуін бе? Мәншүк Мәметова, Нүркен Әбдіров. Құдайым-ай, шынымен абдырап қалдым. Есіме түсіре алмай тұрмын, атай алмаймын", - деп жауап берді алматылықтар.

Сауалнама 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының аумағында өтті. Толық әлеуметтік сауалнаманы видеороликтен көріңіз.

70

Қазақстандық теңізшілер халықаралық армия ойындарына дайындалып жатыр - видео

9
Қазақстанның әскери теңізшілері экипаждың Армия ойындарына дайындық деңгейін тексеру үшін Каспий теңізінде оқу-жаттығулар өткізді

Қазақстандық теңізшілердің алдында үлкен міндет тұр – олар 2021 жылғы Халықаралық Армия ойындарындағы теңіз бас жүлдесі үшін жарысқа түседі.

Соңғы рет Қазақстан бұл жарысқа 2019 жылы қатысқан болатын.

"Теңіз кубогы" – бұл суүсті теңіздерінің экипаждары арасында өтетін жарыс. Команда құрамына 60 қатысушы мен бес бапкер кіреді.

Оқи отырыңыз: Халықаралық армия ойындары-2019: "Танк биатлонының" финалы - видео

Жарыс кезінде экипаж мүшелері белгіленген жағдайда кеменің маневрін пысықтайды, жаттығу стимуляторындағы оқ тескен тұстарды жамау арқылы кемені аман алып қалу үшін күреседі, әуедегі және судағы нысаналарға түрлі қарудан оқ атады.

Теңізшілердің қалай дайындалып жатқаны туралы Қазақстанның қорғаныс министрілігі жариялаған видеодан тамашалаңыз.

9
Кілт сөздер:
әскери, әскерилер

Шайтанкөл қандай құпияны жасырып жатыр видео

126
Шайтанкөл көлі – Қарағанды ​​облысының Қарқаралы тау сілеміндегі жұмбақ жерлердің бірі. Халық арасында бұл жерге қатысты көптеген қорқынышты аңыз бен наным бар

Табиғат ананың өзі жасаған таудағы су айдыны құпия мен жұмбаққа толы. Осы күнге дейін ғалымдар Шайтанкөлдің нақты тереңдігін өлшей алмады.

Бұл жерлерге экскурсияға және демалуға келген туристер таудың ирек жолдарымен жүріп келе жатқанда адаса бастайтындарын жиі айтады.

Күн сәулесі аз түсетін күндері Шайтанкөлдің айналасындағы пейзаж шыныменде тұнжырап тұрады, ал қалың орманмен, биік тастармен қоршалған судың өзі қорқынышты көрінеді.

Дегенмен жаздың күндері мұнда ғажайып сиқырлы атмосфера орнайды: бұлақтар сылдырлап, құстар шырылдайды, гүл мен шөп тербеледі, мұндағы табиғат нағыз ертегі!

Sputnik Қазақстан осы ерекше жерге қысқаша видео экскурсия жасауға шақырады.  

126