Қазақ қызы "Әлем аруы" байқауына қатысу үшін АҚШ-қа кетті видео

131
"Қызылорда аруы-2019" Камилла Серікбай "Әлем аруы" сұлулық байқауының финалына дайындалу үшін Америкаға аттанды

Қазақстандық қыз байқауға бірнеше ай өз Отанында дайындалған болатын. Дайындықтың қалай өткенін Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз.

Камилла Серікбай 2019 жылы "Қызылорда аруы" атанып, "Қазақстан аруы" финалында туған қаласының намысын қорғады. Бойжеткен бірнеше тіл біледі, каратэмен айналысады, қоңыр белбеу иегері. Instagram-ға жеке суреттерін салып, шпагатқа қалай отыратынын көрсетеді.

Камилла байқау үшін презентациялық роликке түсті. Сондай-ақ Қазақстан, оның табиғаты, таулары мен өзен-көлдері туралы шағын мәтін жазды.

"Әлем аруы" байқауы 2021 жылы 16 мамырда АҚШ-тың Флорида штаты Холливуд қаласында өтеді.

Камилла Серікбайға конкурс сайтында немесе Miss Universe мобильді қосымшасында дауыс беруге болады.

131
Кілт сөздер:
Әлем аруы, видео

Алматы зообағындағы сурикаттар жұртшылық көзайымына айналды  - видео

31
(Жаңартылды 12:33 16.06.2021)
Красноярск "Роев Ручей" флора мен фауна паркінен Алматы зообағына әкелінген он сурикат жаңа жерге үйренбей жатып, бақ қызметкерлерін қуантты

Алматы хайуанаттар бағында сурикаттар бұрыннан бар болғанымен, соңғы уақытта саны азайып кеткен еді.

Сырт көрінісі сарышұнаққа ұқсайтын бұл сүтқоректілерге деген қызығушылық келушілер тарапынан өте жоғары. "Арыстан патша" мультфильміндегі Тимонның кейіпкерін еске түсіретін сурикаттар кішкентай қонақтардың сүйікті жануарына айналды.    

"Сурикаттар бірнеше отбасыдан құралған колониямен өмір сүреді. Ол отбасылар әрқашан бір-бірімен жауласады, сондықтан бақтағы бұрыннан бар сурикаттарды басқа жерге орналастырдық да, жаңа келгендерді осы жерге қалдырдық. Аумақ көлемі жиырмаға жуық жануардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы", - деді Алматы зообағындағылар.

Зообақ қызметкерлерін сурикаттар жаңа жерге келгеннен кейін екі апта ішінде қуантты. 

"Қазір олар өздерін жақсы сезінеді, көп уақытын далада өткізеді. Ересектердің әрекетін мұқият бақылап, олардың мінез-құлқын көшіруге тырысады", - дейді зообақ әкімшілігі.

Оқи отырыңыз: Алматы зообағындағы гималай аюлары қылықтарымен жұртты тәнті етуде – видео

Сурикаттар зообақ қонақтарының назарына үйреніп алған, қорықпайды. Сүйікті ісі күнге қыздырынумен әлек болады. Осы уақытта олар күлкілі әрекеттер жасайды. Келушілер де осы мезетті пайдаланып, фотоға түсіріп алады. Сондықтан болар, сурикаттардың күлкілі суреттері желіде тез таралады. 

31
Кілт сөздер:
Алматы, зообақ

Путин Байденмен кездесу алдында NBC телеарнасына сұхбат берді видео

50
Ресей президенті Владимир Путин америкалық NBC телеарнасының тілшісі Кир Симмонстың сұрақтарына жауап беріп, Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасын бағалады. Толығырақ видеода

Ресей лидері Владимир Путин америкалық NBC телеарнасына ауқымды сұхбат берді. РФ басшысының журналистермен әңгімесі оның америкалық әріптесі, президент Джо Байденмен кездесуі қарсаңында өтті.

Ресей президентімен сұхбат NBC телеарнасында 14 маусымда көрсетілді.

Онда Путин журналист Кир Симмонстың сұрақтарына жауап бере отырып, Ресейге кибершабуылдар бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарып, АҚШ-пен тұтқындарды алмасу мүмкіндігі туралы айтты, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.

С журналистом американского телеканала NBC Киром Симмонсом
Путин NBC телеарнасының тілшісі Кир Симмонстың сұрақтарына жауап берді

Осылайша, Путин кибер шабуылдар мен сайлауға араласу туралы Ресейге тағылған айыптарды "негізсіз" деп атап, "АҚШ бұған ешқандай дәлел келтірмеді" деп баса айтты.

Владимир Путиннің осы және басқа да сұрақтарға берген жауабын толығырақ видеодан көріңіз.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей мен АҚШ лидерлері Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі Женевада 16 маусымда өтеді.

50
Ақша, архивтегі сурет

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша екені белгілі болды

0
Еңбек министрлігінің ақпаратынша, қазір республикада екі миллионнан астам зейнеткерге зейнетақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 774,8 миллиард теңге бағытталды.

"1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 100 019 теңгені құрады", - делінген ресми сайтта.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Қазақстанда 2 миллион 243 мың зейнеткер бар.

Зейнетақы неден құралады

Зейнетақы төлемі үш деңгейден құралады:

  • Базалық зейнетақы;
  • Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты);
  • Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен).

Базалық зейнетақы

Бұған дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленетін. 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Қазір оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда зейнет жасы қашан көтеріледі

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56% алады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100%-і төленеді.

Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейін алған орташа айлық табысқа байланысты болады.

0
Кілт сөздер:
базалық зейнетақы, зейнетақы
Тақырып бойынша
Депозиттегі ақша зейнетақы есепшотына аударылады – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі өзгереді – жаңа жүйенің пайдасын кім көреді
Қазақстанда зейнетақы жинағына қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді
Тоқаевтың зейнетақы жинағына қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқаны айтылды