Атыс, үрей және дүрбелең: Қазан мектебіндегі оқиға қалай өрбіді видео

1496
Алдын ала мәлімет бойынша Қазан мектебіндегі атыс салдарынан сегізінші сыныптың жеті оқушысы және бастауыш сыныптың мұғалімі көз жұмды

Сейсенбі, 11 мамырда Қазан қаласындағы Джаудат Файзи атындағы №175 мектепте атыс болды. Әлеуметтік желіде бастапқыда екі адамның шабуылдағаны туралы хабарлама тарады. Олардың бірі қарулы күштерге қарсы оқ атып, тұтқындарды қамауда ұстаған.

Ұлттық терроризмге қарсы күрес комитеті әзірше тек бір ғана қарулы қылмыскер туралы мәлімет таратты, деп жазды РИА Новости.

Агенттік ақпараты бойынша, жеті оқушы көз жұмды, 16 бала және мектеп қызметкері жараланды. Татарстан президентінің баспасөз қызметі мұғалімнің де оқыс оқиғадан қаза тапқанын хабарлады.

"Біз сегізінші сыныптың жеті оқушысынан айырылып қалдық. Төрт ұл бала және үш қыз бала. Олар үшінші қабатта көз жұмды. Қазір 16 адам ауруханада жатыр. Террорист қамауға алынды. Ол 19 жаста. Қару оның атына тіркелген. Әзірше оның ешқандай сыбайласы анықталған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Татарстан президенті Рустам Минниханов. Мемлекет басшысы оқиға орнына жетті.

Татарстан президентінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, барлық білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, контртеррористік операция режимі енгізілді. Қайтыс болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Татарстанда 12 мамыр аза тұту күні деп жарияланды.

1496

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің 90-шы отырысы өтіп жатыр трансляция

17
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ұлттық органдардан жоғары тұратын экономикалық органының мерейтойлық отырысы аты аңызға айналған Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі (ХШЖК) аумағында өтіп жатыр

Достастық елдерінің делегациялары ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың түрлі саласын қамтитын бірқатар мәселені талқылау үшін ХШЖК-дегі "Космос" павильонына жиналды.

Соның бірі - аты аңызға айналған Мәскеу көрмесінің аумағында ТМД мемлекеттерінің сауда орталықтарын құру. Қазіргі уақытта ХШЖК-де Әзербайжан, Армения, Беларусь павильондары жұмыс істейді, ал Молдова павильоны тестілік режимде ашылды. Биыл Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан павильондары жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Қазақстан павильоны 2018 жылы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты рәсім елорда күніне орайластырылды.

Бұл көрме және сауда орталықтары биыл аталып өтетін ТМД-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады деп жоспарлануда.

ТМД мемлекетаралық статистика комитеті Экономикалық кеңес аясында 2020 жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуының негізгі мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштері туралы есеп ұсынады.  

17

Әлиев пен Ердоғанның Шушадағы кездесуі: екі ел қандай келісімге келді

43
Түркия президенті Шушада бас консулдық ашпақ. Реджеп Тайып Ердоған бұл туралы әзірбайжандық әріптесі Ильхам Әлиевпен кездесу кезінде айтты

Түркия басшысы 9 қарашадағы үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін Әзірбайжан тарапына өткен Таулы Қарабақтың Физули мен Шуша қаласына барды.

Онда президенттер бетпе-бет сөйлесіп, ынтымақтастық туралы Шуша декларациясына қол қойды.

Кездесу сәттерін видеодан тамашалаңыз.

43
Кілт сөздер:
видео
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

0
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

0