Видео

Мигранттар неге үндемейді: тәжік жігіті UFC жұлдызына айнала ма – видео

Жазылу
Ел неғұрлым кедей болса, адамдары соғұрлым күшті болады! Бала кезінен төбелеске жаны құмар қарапайым ғана тәжік жігіті ММА аясында өнер көрсете бастады

Жуырда өткен жекпе-жек шоуында Якин Мұқадамшоев бразилиялық спортшы Матос Денилсонды нокаутқа жіберді. Енді ол UFC жұлдызына айналуға ұмтылып келеді.

Жалпы, мұндай биіктікті бағындыру мүмкін бе? Қазіргі кезде Якин қалай күн көреді? Ол неге Ресейдегі адамдарды қатыгез деп санайды?

Памир тауының баурайында өскен жігіттің Мәскеудегі өмірі жайлы "О чем молчат мигранты: бойцы" деректі фильмін назарларыңызға ұсынамыз.

Якин бала күнінде-ақ, аралас жекпе-жекке құмар болған. Ол сегізбұрыш ішіндегі жекпе-жекті, тек теледидар мен кинодан ғана көріп өскен. Сондай-ақ, ауладағы төбелес кезінде шеберлігін шыңдауға үнемі тырысып жүрген.

Күндердің бір күнінде Якин кәсіби спортшылармен кездескен соң, бәрі өзгеріп сала берді...

Оқи отырыңыз: Гагарин жұмыс істеген жер: бұрынғы құпия ғарыш байланысы орталығы - видео

Бүгінде Якин – аралас жекпе-жектен FFC Global лигасының (Ресей мигранттар Федерациясының қолдауымен құрылған) және TOP DOG жалаңаш жұдырықтасу жарнамасының жұлдызына айналды.

Жаңалықтар
0