Сирек кездесетін құбылыс: Айдың ерекше тұтылуы видео

336
(Жаңартылды 10:15 27.05.2021)
Айдың тұтылуына қатысты мұндай астрономиялық құбылыс өте сирек кездеседі, яғни шамамен 12 жылда бір рет қайталанады

Супермойын – бұл Айдың толық тұтылып, әдеттегіден үлкен болып көрінуі немесе оның Жерге 358 мың шақырым қашықтыққа дейін жақындайтын сәті.

Осы құбылыстың арқасында планетамыздың белгілі бір нүктесінен Ай дискісінің мөлшері әдеттегіден үлкен әрі анық болып көрінеді.

Айдың осылай тұтылуы өте сирек кездесетін табиғат құбылысы, яғни мұндай сәт шамамен он екі жылда бір рет қайталанады.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы күн мен ай қашан тұтылады

Нұр-Сұлтан уақытымен Айдың толық тұтылуы бүгін, 26 мамырда, 15:45-тен 18:53-ке дейінгі аралықта жүзеге асады.

Тарихи сәт күндізгі уақытта болғандықтан, Қазақстан тұрғындары бұл табиғи құбылысты көре алмайды. Сондықтан да оны Австралия мен Тынық мұхиты, Америка және Шығыс Азия тұрғындары бақылай алады.

Толық Айдың тұтылуы шамамен 14 минутқа созылады.

Айдың тұтылуы мен супермойынды Буэнос-Айрестен жүргізілетін тікелей эфирде көруге болады.

336
Кілт сөздер:
айдың тұтылуы, астрономия

"Наз" мемлекеттік би театры жаңа маусымын ашты - видео

13
Елордада "Наз" мемлекеттік би театры кезекті концерт маусымын ашты. Соған орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнап бір сағаттық концерт ұсынды

"Наз" мемлекеттік би театры ХХІІ маусымын "Наз би әлемі" концерттік бағдарламасымен ашып отыр. Концертте халықтың көңілін көтеретін ұлттық нақыштағы билеріміз, ұлттық әндеріміз, заманауи әндер ұсынылды. Бір сағаттық концерттік бағдарлама дайындап, ұсындық", - дейді "Наз" мемлекеттік би театрының өкілі Айсұлтан Басықара.

Сонымен қатар ашық ауада өткен концертте "Көзіңнің мөлдірін-ай" секілді халық әндері орындалды.

"Наз" мемлекеттік би театры 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылған. 2007 жылдың бірінші наурызынан бастап қала әкімдігінің шешімімен "Наз" мемлекеттік би театры мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын болып өз алдына бөлек шықты.

13

Альберт Линдердің өлімі: қазақстандық спортшылар шындықтың бетін ашты - видео

62
(Жаңартылды 10:17 28.09.2021)
25 қыркүйекте Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді. Толығырық видеодан көре аласыз

Баспасөз конференциясы барысында Альберт Линдердің ағасы - Семен Линдер атлеттер Олимпиада ойындарына жетістіктеріне қарап емес, бапкердің шешіміне қарай таңдалатынын айтты. Оның сөзінше бапкер тәрбиеленушілерінің айлығын да қалтасына басып отырған.

"Біз айлық ала бастағанда-ақ ол банк картамызды алып алды. Осы күнге дейін жалақыны біз үшін алып келді", - дейді ол.

Семен Линдер мен өзге де спортшылар құрамының аға бапкері Сергей Седов тәрбиеленушілеріне қол жұмсаған. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичеваның айтуынша, ол Седовтан әлі күнге дейін қорқады. Седов Альберт Линдердің де бапкері болған. 

Альберт Линдер 17 қыркүйек күні көз жұмды. Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

 

62
Кілт сөздер:
спорт, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Astana Marathon: Қазақстандықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге жүгірді – видео
"Шықсаңдар, байқаңдар!": Бурабай тасжолында не болып жатыр – видео
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Ақтауда ішінде адамдар бар лифт құлады – видео
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0