Шайтанкөл қандай құпияны жасырып жатыр видео

155
Шайтанкөл көлі – Қарағанды ​​облысының Қарқаралы тау сілеміндегі жұмбақ жерлердің бірі. Халық арасында бұл жерге қатысты көптеген қорқынышты аңыз бен наным бар

Табиғат ананың өзі жасаған таудағы су айдыны құпия мен жұмбаққа толы. Осы күнге дейін ғалымдар Шайтанкөлдің нақты тереңдігін өлшей алмады.

Бұл жерлерге экскурсияға және демалуға келген туристер таудың ирек жолдарымен жүріп келе жатқанда адаса бастайтындарын жиі айтады.

Күн сәулесі аз түсетін күндері Шайтанкөлдің айналасындағы пейзаж шыныменде тұнжырап тұрады, ал қалың орманмен, биік тастармен қоршалған судың өзі қорқынышты көрінеді.

Дегенмен жаздың күндері мұнда ғажайып сиқырлы атмосфера орнайды: бұлақтар сылдырлап, құстар шырылдайды, гүл мен шөп тербеледі, мұндағы табиғат нағыз ертегі!

Sputnik Қазақстан осы ерекше жерге қысқаша видео экскурсия жасауға шақырады.  

155

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

25
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

25

Соңғы бес олимпиадада "алтын" алған гимнастар қалай өнер көрсетті видео

45
Соңғы бес олимпиадада гимнастикалық ат снарядынан чемпион болған атлеттердің қалай өнер көрсеткенін Халықаралық Олимпиада комитетінің видеосынан көріңіз

Айта кетейік, ірі әлемдік жарыстарда "алтын" алғандардың спорттық машығы соңғы жиырма жылда айтарлықтай өзгергені байқалады.

Гимнастикалық ат снарядынан чемпион болғандардың есімдері:

  • Мариус Урзица (Румыния), Сидней 2000;
  • Тенг Хайбин (Қытай), Афина 2004;
  • Сяо Цинь (Қытай), Бейжің, 2008;
  • Кристиан Берки (Венгрия), Лондон 2012;
  • Макс Уитлок (Ұлыбритания), Рио -2016.
45
Әуежай, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда рекорд жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге күші жетпеді  

0
(Жаңартылды 11:36 31.07.2021)
Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлады КТК.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.  

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.

0