Бекшиннің орынбасары міндетті вакциналау туралы айтты видео

69
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің эпидемиологиялық бағыт бойынша орынбасары Әсел Қалықова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында жалпыхалықтық міндетті вакциналау жайында айтып берді

"Жұмыс берушілер мен ірі компаниялар бұған қалай қарайды? Және осы бойынша бұзушылықтар қалай анықталады, процесс қалай бақыланады?" деген сұрақтарға  Қалықова Алматыда, жалпы Қазақстан бойынша мекеме, ұйым қызметкерлерін вакциналау 2021 жылдың бірінші ақпанынан қарастырыла басталғанын атап өтті.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мұның тиімді екенін БАҚ беттерінде айтып жүр. Бұл аурудың алдын алудың тиімді шараларының бірі. Вакцина алған қызметкерлерінің көп ұйымдардың артықшылықтары болады. Қызметкерлердің көп бөлігі вакцина салдырса, олардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуі керек деген талапты орындамаса болады", - деп атап өтті ол.

Әсел Қалықова санитар дәрігерлердің жұмысы жергілікті атқару органдарымен, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесе атқарылатынын, вакциналау топтық жұмыс екенін айтты.

"Алматыдағы ірі кәсіпорындар, соның ішінде "Атамекен" ҰКП-ға кіретін кәсіпорындар вакциналанатын қызметкерлердің саны туралы деректерді ұсынып отыр. Жергілікті емханалар ол ұйымдарда қызмет ететіндердің ішінде екпе салдырғандардың тізімін жасайды, олар туралы дерек электронды базаға енгізіледі", - деді Қалықова.

Оқи отырыңыз: "Алматы қызыл аймаққа оралуы мүмкін": Сағынтаев дельта штаммының қаупі туралы айтты

Егер қызметкер вакцина салдырғанын айтатын болса, ол сөзге ешкім сенбейді. Вакцина салдырғанын растайтын құжатты, Ashyq қосымшасындағы статусын көрсетуі керек.

"Елімізде егу кезеңі басталғалы Алматы барлық өңірмен салыстырғанда көш бастап келеді. Орта есеппен қалада күн сайын 5-7 мың адам вакцина алуда", - дейді ол.

69
Кілт сөздер:
коронавирус, вакцина
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (376)

"Наз" мемлекеттік би театры жаңа маусымын ашты - видео

13
Елордада "Наз" мемлекеттік би театры кезекті концерт маусымын ашты. Соған орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнап бір сағаттық концерт ұсынды

"Наз" мемлекеттік би театры ХХІІ маусымын "Наз би әлемі" концерттік бағдарламасымен ашып отыр. Концертте халықтың көңілін көтеретін ұлттық нақыштағы билеріміз, ұлттық әндеріміз, заманауи әндер ұсынылды. Бір сағаттық концерттік бағдарлама дайындап, ұсындық", - дейді "Наз" мемлекеттік би театрының өкілі Айсұлтан Басықара.

Сонымен қатар ашық ауада өткен концертте "Көзіңнің мөлдірін-ай" секілді халық әндері орындалды.

"Наз" мемлекеттік би театры 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылған. 2007 жылдың бірінші наурызынан бастап қала әкімдігінің шешімімен "Наз" мемлекеттік би театры мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын болып өз алдына бөлек шықты.

13

Альберт Линдердің өлімі: қазақстандық спортшылар шындықтың бетін ашты - видео

62
(Жаңартылды 10:17 28.09.2021)
25 қыркүйекте Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді. Толығырық видеодан көре аласыз

Баспасөз конференциясы барысында Альберт Линдердің ағасы - Семен Линдер атлеттер Олимпиада ойындарына жетістіктеріне қарап емес, бапкердің шешіміне қарай таңдалатынын айтты. Оның сөзінше бапкер тәрбиеленушілерінің айлығын да қалтасына басып отырған.

"Біз айлық ала бастағанда-ақ ол банк картамызды алып алды. Осы күнге дейін жалақыны біз үшін алып келді", - дейді ол.

Семен Линдер мен өзге де спортшылар құрамының аға бапкері Сергей Седов тәрбиеленушілеріне қол жұмсаған. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина Горичеваның айтуынша, ол Седовтан әлі күнге дейін қорқады. Седов Альберт Линдердің де бапкері болған. 

Альберт Линдер 17 қыркүйек күні көз жұмды. Линдер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және Азия чемпионы болған. Универсиадада жеңімпаз атанып қана қоймай, рекордқа да қол жеткізді.

Оқи отырыңыз: 

 

62
Кілт сөздер:
спорт, ауыр атлетика
Тақырып бойынша
Astana Marathon: Қазақстандықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге жүгірді – видео
"Шықсаңдар, байқаңдар!": Бурабай тасжолында не болып жатыр – видео
Найзағай соққан ұшақта түсірілген қорқынышты видео жарияланды
Ақтауда ішінде адамдар бар лифт құлады – видео
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0