Сарапшы Ауғанстанның тағдыры не болатынын айтты видео

165
(Жаңартылды 18:21 04.07.2021)
Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан америкалықтарға көмектескен ауғандарды қабылдай ма? Ауғанстандағы шиеленіс қашан аяқталады? Толығырақ Израильдің арнайы қызметтердің бірінің экс-басшысының бейнесұхбатынан көріңіз

Ресейде тыйым салынған "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанда белсенді әрекетке көшті.

Бір жарым айды ішінде террористер бақылау аймағын екі есеге ұлғайтқан. Америкалықтар мен НАТО елдері қазір өз әскерін ауған аумағынан шығарып жатыр.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан америкалықтарға науқан кезінде көмектескен ауғандарды қабылдай ма?

Ауғанстандағы қақтығыс қашан аяқталады? Бейбіт келіссөз қандай жағдайда жүргізілуі мүмкін?

Бұл жайлы Израильдің арнайы қызметтерінің бірінің бұрынғы басшысы Яков Кедмидің сұхбатынан көріңіз.

165

Олимпиада тарихы: 65 жылда әйелдер арасында таянып секіру спорты қалай дамыды видео

11
(Жаңартылды 18:17 28.07.2021)
Спортшылардың өмірінде Олимпиада ең маңызды шыңдардың бірі болып саналады, дегенмен күнделікті жаттығулар мен жарыстарда әлемнің және спорттың қалай өзгеріп жатқанын көруге мүмкіндік бола бермейді

Халықаралық Олимпиада комитетінің арнасында әйелдер арасындағы таянып секірудің эволюциясын көрсететін видео жарияланды.

Бұл гимнастикалық жаттығулардың дамуына Кеңес Одағының спортшылары да үлкен үлес қосты.

Олимпиадалық гимнастика тарихында қалған аңыз спортшылардың есімдері:

  • Лариса Латынина (КСРО), Мельбурн 1956;
  • Вера Чаславска (Чехословакия), Мехико 1968;
  • Нелли Ким (КСРО), Монреаль 1976 ;
  • Екатерина Сабо (Румыния), Лос-Анджелес 1984;
  • Светлана Богинская (КСРО), Сеул 1988;
  • Генриетта Оноди (Венгрия), Барселона 1992;
  • Симона Аманар (Румыния), Атланта 1996;
  • Елена Замолодчикова (Ресей), Сидней 2000;
  • Моника Рошу (Румыния), Афина 2004;
  • Хун Ун-Чжон (КХДР), Пекин 2008 ж .;
  • Сандра Избаса (Румыния), Лондон 2012;
  • Симона Байлз (АҚШ), Рио 2016.
11

Токионың түнгі аспанында "сурет салған" дрондар видеосы

34
Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады

Екі мыңға жуық шағын дрон Токиодағы ұлттық стадионнан көтеріліп, аспанда қалықтады. 

Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады.

Бұл сәтте Токио көшелеріндегі наразылықтар да тынышталды. 

Ерекше пішіндердің бәрін 1 824 дрон салды. Олар жарқ-жұрқ етіп, көрерменді еліктірді. 

Шоуды видеодан тамашалай аласыз. 

34
Тақырып бойынша
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео 
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Архивтегі фото

Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны 6 мыңнан асты

0
Айжан Есмағамбетова вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 проценті ғана болатынын ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирус жұқтырған адамдардың саны 6 мыңнан асты. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде вакциналаудан кейін ауырып қалғандардың жалпы саны 6 420 адамды құрайды. Олардың ішінде Спутник V-ді 5 511 адам, Hayat Vax-ты 665 адам, QazVac-ты 113 адам және CoronaVac-ты 124 адам салдырған", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы вакцинадан ауырып қалғандардың саны жалпы екпе салдырғандардың 0,1 процентін ғана құрайтынын ерекше атап өтті. Бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 5,2 миллион адамға жетті.

"Демек вакцинадан кейін ауырып қалғандардың саны тым аз. Бұл дегеніміз, екпенің тиімділігі бар. Дельта-штаммнан да қорғайды", - деді Есмағамбетова.

Айта кетейік, 23 шілде күні өткен брифингте комитет басшысы вакциналаудан кейін барлығы 4 765 адам ауырып қалғаны жайында айтқан. Олардың көбісі екпенің екінші дозасын алып үлгермеген.

0
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина