Видео

Арменияда ұзындығы 40 метрлік бутерброд дайындалды – видео

Жазылу
Армяндар әртүрлі шөп пен ірімшіктен лавашқа оралған ең ұзын бутерброд дайындады. Оның ұзындығы қырық метрге жетеді. Бутербродтың қалай дайындалғанын мына видеодан көріңіз

Арменияның Енокаван ауылында "Айбуйс" шөптер фестивалі өтті. Шара осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальге қатысушылар шөптерді қалай дұрыс пайдалану керектігін үйренді және әртүрлі шөптен демделген шайдың дәмін татты.

Мереке кезінде лаваштан ең ұзын армян бутерброды әзірленді. Оны армянша "брдуч" деп те атайды.

Жаңалықтар
0