Елорда мерейтойын атап өткен кезде қандай болды архивтегі видео

49
(Жаңартылды 18:24 06.07.2021)
Қазақстан президентінің телерадиокешені архивтегі кадрларды жариялады, видеодан еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтармен және елорда жұртшылығымен кездескен сәтін көруге болады

1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан қазіргі Нұр-Сұлтанға көшірілді. 2008 жылы Астана өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

6 шілдеде елорда күнінде туған күнін тойлайтын Нұрсұлтан Назарбаев елдің сол кездегі президенті болды.

Архивтегі кадрларда Назарбаев қаланың әр түрлі көрікті жерлерін аралап, балалармен суретке түседі, Астана қаласын (қазіргі Нұр-Сұлтан) дамыту жоспарлары туралы әңгімелейді.

2018 жылы Елбасы қаланың 20 жылдығына орай Атырау облысы сыйға тартқан көпірдің ашылуына қатысты.

Биыл Нұр-Сұлтан өзінің 23 жылдығын атап өтіп жатыр. Осы жылдар ішінде қала қалай өзгергенін Sputnik Қазақстанның видеосынан көріңіз.

49

Тылсымға толы Шыңғыстау өңірінің тарихи орындары видео

25
Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені "Ұлылар мекені" деректі фильмін жариялады

Фильмде қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды үш алыпты сыйлаған тылсымға толы Шыңғыстау өңірінің тарихи орындары көрсетіледі.

Соның ішінде әуелі Қоңыр әулие үңгірінің тарихы баяндалған. Қазақстанның киелі жерлері географиясы тізіміне енген үңгір Шыңғыстау сүлемінің бір бөлігі Ақтас тауының етегінде орналасқан. Осы үңгір жайлы аңыз-әңгіменің басым бөлігі Шыңғыс қағанмен байланысты өрбіген.

"Шыңғыс хан Қоңыр әулиеде жерленген деген ел аузында аңыз-әңгіме бар. Қоңырәулие жайлы айтылмай жатқан сыр көп, зерттелмей жатқан қаншама дүние бар", - дейді Абай аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Бақытжан Байболов.

Үңгірдің ішінде айнадай жарқыраған тұнық көл бар. Көлдің ұзындығы – 25 метр, ені – 10 метр, тереңдігі – 1,8 метр. Алайда мұндағы су көлемі жыл сайын өзгеріп тұрады.

Тағы бір қызық дерек – үңгірдегі көлдің градусы қысы-жасы өзгермейді, үнемі +4 градус болып тұрады. Ал үңгірдің ішіндегі температура +7 градус. Үңгір Абай ауданы мәдениет үйіне қарайды.

Шыңғыстаудағы тағы бір қасиетті мекен – Кеңгірбай кесенесі. Өз заманында әйгілі би болған Кеңгірбай Жандосұлы 1735-1825 жылдары өмір сүрген. 19 ғасырда салынған кесене 1997 жылы жөндеуден өтті. Мазар маңызды тарихи және мәдениет ескерткіш ретінде Қазақстанның қасиетті жерлері тізіміне енген.

Сондай-ақ видеода Семейге баратын жолдағы Еңлік-Кебек ескерткіші де көрсетілген. Бұл ескерткішті 1960 жылы Абай ауылының тұрғындары өз қаражатына орнатқан. Ол 1976 жылы ак мәрмәрмен қапталды.

Абай Құнанбайұлы өмірінің соңғы 10 жылын Шыңғыстаудың ішкі бөктерінде Жидебайда өткізген. Фильмде Абай тұрған музей-үй туралы баяндалған.

Айта кетері, былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайға арнайы барып, Абай-Шәкәрім мемориалды музей кешенінің жөндеу жұмыстарымен танысты. 

25
Кілт сөздер:
видео

Семей гарнизонында тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді видео

34
Әскери қызметшілер жолды торуылдап, "жауды" қолға түсірді – Семей маңында тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді  

Семей гарнизонында дабыл қағылды – роталық тактикалық оқу-жаттығулардың сценарийіне сәйкес, бақылаудағы аумақта шартты жаудың көлігі жүріп келе жатады.

Әскери қызметшілерге бұйрық түсті: көлікті тоқтатып, "жауды" қолға түсіру керек. Тапсырманы орындау үшін олар аумақты барлап, жауды анықтап, торуыл жасады.  

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде жеке құрам қарудан оқ атты.

34
Бокс, Олимпиада

Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды

20
(Жаңартылды 15:13 27.07.2021)
Бұған дейін Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит те рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасына 69 салмақ дәрежесі бойынша жолдама алған Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы бірден екінші айналымнан бастады. Оған қарсы америкалық Деланте Джонсон шықты. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Жүсіповқа жоғары ұпай қойды. Ал екінші раунда америкалық боксшы басым болды. Үшінші раунда бір төреші ғана Абылайханның дайындығын жоғары бағалады. Осылайша, жерлесіміз 1:4 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит (91 келі) те рингке шығады. Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

Айта кетері, 2004 жылдан бері Қазақстан үшін бокста 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болған. Боксшыларымыз төрт Олимпиадада қатарынан алтын медаль иеленген. Мәселен, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов, оған дейін Серік Сәпиев Лондонда чемпион атанған болатын. Оның алдында Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев та дәл осы салмақта топ жарды. Боксшылармыз екі рет Вэл Баркер кубогын да иеленді.

20
Кілт сөздер:
олимпиада, жекпе-жек, бокс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео