Видео

Маймыл марғауға "күтуші" болды – қызықты видео

Жазылу
Маймыл жаңа туған марғаулардың бірін қолына алып, "әлдиледі". Бұл сырттай қарағанда өте әсерлі әрі күлкілі көрінеді. Құйрықты "күтушінің"видеосы жарияланды!

Видеодан жақында туған марғауларды көруге болады. Алайда қожайынның үйінде мысықтар ғана емес, маймыл да өмір сүреді.   

Үй жануарлары бір-бірімен тату тұрады. Бейнежазбаға қарағанда, олар тіпті ұрпағын бірге өсіреді.

Маймыл марғауларға деген аналық мейірімін төкті. Оларға ұзақ уақыт мейірлене қарап, қызықтап отырады.

Содан кейін марғаулардың бірін қолына алып, "әлдилегісі" келіп, оны құшақтап, арқасын қасып береді.

Осы сәтте марғаулардың жанында тұрған енесі маймылдың көмегіне сабырлы қалыппен жауап береді. Олар бір-біріне сенетін сияқты.

Күлкілі видеоны көріңіз!  

Жаңалықтар
0