Ақпарат агенттіктерінің жұмысы: SputnikPro видеосы

66
(Жаңартылды 18:23 09.07.2021)
Sputnik Қазақстан студиясында SputnikPro жобасы аясында "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің жұмысы тақырыбында шеберлік сағаты өтті

Шеберлік сағатын "Россия сегодня" ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары Дмитрий Горностаев жүргізді.

8 шілде күні Sputnik Қазақстан мультимедиалық орталығында "Медиадағы трендтер" және "Подкаст жасау және оны дамыту" тақырыбында модульдік дәрістер өтті.

Сессия барысында журналистика мамандығының түрлі аспектілері, соның ішінде мультимедиалық контент әзірлеу, әлеуметтік желідегі жұмыс, жаңалықтар ресурсына трафик тарту сынды келелі мәселер талқыланды.

Оқи отырыңыз: Подкаст жасау және оларды тиімді ілгері жылжыту құралдары – SputnikPro

Шеберлік сағатына қатысушылар арасында қазақстандық БАҚ өкілдері, PR қызметтері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері бар.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал ресейлік сарапшылар бар.

66
Кілт сөздер:
сағат, журналистика

Талибанды* кім қаржыландырады - сарапшы пікірі

161
Талибанды* кім қаржыландырады және бұл есірткі саудасы, Пәкістан көмегі мен халықты тонау есебінен іске асырылып жатыр ма?

Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов тәлібтерді* кімнің қаржыландырып жатқанына қатысты пікір білдірді.

*Талибан – Қазақстан, Ресей және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

161

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

178
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

178
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0