Видео

ЕУРО-2020 финалынан кейін Лондон көшелерінде болған жағдайдың видеосы

Жазылу
Финалдан кейін құраманың жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер Лондон көшелерінде тәртіпсіздіктер жасады

Италия құрамасымен өткен матчта жеңіліс тапқан Англия құрамасының жанкүйерлері қапаланып, үйлеріне көңілсіз оралды. Біреулер отандастарын құшақтап ренішін басуға тырысса, енді бірі ашуға ерік беріп қоқыс жәшіктерін төңкеріп кетті.

Кейбірі тыныш қана үйлеріне оралды. 

Лондон полициясы ЕУРО-2020 финалы күні жанкүйерлер тобымен болған қақтығыс кезінде 19 қызметкер жараланғанын хабарлады.

Италия мен Англия құрамасы кездескен ЕУРО-2020 финалы жексенбіде Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті. Ойында Италия командасы пенальти арқылы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Жаңалықтар
0