Еуро-2020 жеңімпаздары: Италия ұлттық құраманы қалай қарсы алды - видео

64
"Уэмбли" стадионында өткен финалдық матчтан кейін Италия құрамасы Еуропа чемпионы атанған болатын

Италия құрамасы еліне оралды. Еуро-2020 қаһармандарын Рим халқы қалай қарсы алғанын видеодан тамашалаңыз.

Чемпионаттағы ең жылдам голға қарамастан - Люк Шоу 117 секундта қарсыластар қақпасына гол соқты.

"Скуадра Адзурра" аталып кеткен итальяндық құраманың жеңіске деген талпынысын стадион иелері де әлсірете алмады.

Оқи отырыңыз: Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті

Шиеленісті ойын жеңімпазды анықтай алмады. Бір сағаттың ішінде итальяндықтар есепті теңестірді.

Қосымша екі тайм да ешнәрсе шешпеді, алайда пенальти сериясында итальяндықтар үздік болды. Осылайша олар ең беделді Еуропа кубогын жеңіп алды.

64
(1:29 / 11.25Mb / )

Аптап ыстық, су тасқыны, орман өрттері табиғи апаттар видеосы

20
Әлемде түрлі апат болып жатыр. Құдды қайырым көрмеген табиғат-ана ашуға мініп, өзін-өзі құртып жатқандай. Табиғи апат бүгінгі күннің шынайы болмысына айналуы мүмкін бе?

Селекционер Иван Мичурин "біз табиғаттан мейірім күтпеуіміз керек, оның мейірімін алу біздің міндетіміз" деген болатын. Алайда өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары осы сөзді айтқанда бұл міндеттің салдары жеңіл болмасы туралы ол ойламаған да шығар.                                                           

Бүгін әлем климаттық өзгерістер салдарынан зардап шегіп отыр. Африкада жаздың ортасында қар түседі, Еуропа жауынның астында қалуда. Ал Түркия мен Солтүстік Африкада орман өрттері өршіп тұр. Жер планетасында не болып жатқанын видеодан көре аласыз.

 

20
Кілт сөздер:
табиғат апаты, климаттың өзгеруі, ауа райы
Тақырып бойынша
"Керуен сарай" маңындағы жағдай тұрғындардың ашуын тудырды – видео
Балаларды коронавирустан қалай қорғауға болады: педиатрдың кеңесі – видео
Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды – видео  
Жарылыстан кейінгі бір жыл: Бейруттың бүгінгі бейнесі - видео

Балаларды коронавирустан қалай қорғауға болады: педиатрдың кеңесі видео

155
Коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Қазақстанда күн сайын індетті жұқтырған мыңдаған адам тіркеліп жатыр

"Дельта" штаммы пайда болғаннан кейін дәрігерлер балалардың денсаулығына қатысты мәселелерді жиі айта бастады. Жаңа оқу жылының жақындап қалуына байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі астаналық педиатр Бақытгүл Мырзабековамен балалардың денсаулығын қалай сақтау керектігі жайында әңгімелесті.

Дәрігердің айтуынша, санитар мамандардың балалар мен жастар арасында науқастардың саны көбейеді деген болжамы дәл келіп отыр.

"Балалар COVID-пен респираторлық вирустық инфекция секілді ауырады, айқын симптомдары болады. Дене қызуы көтеріліп, қатты басы ауырады, улану, әлсіздік, шаршау белгілері байқалады, оңалту кезеңінде орталық жүйке жүйесі зақымданады. Сондықтан дәрігермен байланыста болу маңызды, өйткені COVID күшейіп келеді", - дейді дәрігер.

Педиатр елордада ковидтен жазылғаннан кейін шағымданатын балалардың легі көбейгенін атап өтті. Олардың иммунитеті төмендеп, дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігін сезіне бастаған.

Бақытгүл Мырзабекова баланың денсаулық жағдайына қарамастан жылына бір рет тапсырылуға тиіс анализдерді тізіп шықты. Сондай-ақ елордалық педиатр ата-аналарға өз баласының режимін қадағалауға кеңес берді.  

155
мектеп формасы

Кәсіпкерлер министр Аймағамбетовтің шешіміне наразылық білдірді

14
(Жаңартылды 10:55 04.08.2021)
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім министрлігі жаңа оқу жылында балаларға классикалық стильдегі киім киюге рұқсат бермек

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Алайда кәсіпкерлер министрдің осы бір шешіміне үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күні кеше білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында балаларға тағы классикалық стильдегі киім киюге рұқсат берілетінін мәлімдеді. Негізгі себеп – елдегі эпидемиологиялық жағдай. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде дүкендер белгілі бір уақытта, ал кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Егер ата-аналар балаларға мектеп формасын сатып алу үшін сауда орталықтары мен дүкендерге жаппай баратын болса, онда ұзын-сонар кезектер болып, Covid-19 жұқтыру қаупі күшейеді. Оған қоса, уақытша экономикалық қиындықтарға байланысты мектеп формасы кейбір отбасылардың қалтасына салмақ салуы мүмкін. Пандемиядан кейін оқушылар қайтадан мектеп формасын киюге міндетті болады.

Алайда мектеп формасын шығаратын кәсіпкерлер министрдің шешімімен келіспей отыр. Себебі олар жарты жыл бұрын дайындық жұмыстарына кіріскен. Ал министр мырза формаға қатысты жаңалықты енді ғана жариялады. Кәсіпкерлер болса, қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған.

"Былтыр ол жеңіл өнеркәсіптің бір бөлігін жойып жіберді. Биыл қалғанын құртуға шешім қабылдапты. Келесі жылы не болатынын ешкім білмейді. Біз 20-шы жылдан әрең дегенде шықтық. Ал келесі жылы ол формамен не істейміз? Бұның барлығы – миллиондаған шығын. Биыл біз және басқа әріптестеріміз қалдықтарды сатса, келесі жылы жаңа маталарды сатып алу қажет. Бірақ қандай мата аламыз? Кімге? Не үшін? Министр тағы бес минут қалғанда ештеңе керек емес деп айтып жүрмей ме?", - дейді кәсіпкер Сергей Сокирко.

Ал ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулер қолдаса, енді біреулер жаңа форманы таңдап жүр.

Оқи отырыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

 

14
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, жеке кәсіпкерлер