COVID-19 өршіген тұста Құрбан айтты қалай дұрыс атап өту керек видео

79
(Жаңартылды 17:16 15.07.2021)
Келесі аптаның сейсенбісі, 20 шілдеде Қазақстанда мұсылман жұрты үшін басты мерекенің бірі – Құрбан айт аталып өтеді. Биыл да мереке елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыққан шағына тұспа-тұс келді

Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтан мерекеде денсаулыққа қауіп төндірмес үшін қалай сақтану керектігі туралы сұрап білді.

Оның айтуынша, пандемия қоғамда әлі де шектеулер енгізуге мәжбүрлеп отыр. Сондықтан діни мереке құрметіне орай бұқаралық жиындардан бас тартқан абзал.

"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық қоғамдық іс-шараларды атап өтуге тыйым салынған. Қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы бірінші орында тұрғанын жақсы түсінуіміз керек. Осыған байланысты тұрғындардан түсіністік танытып, Құрбан айт мерекесін отбасы ортасында атап өтуге, бұқаралық шаралардан бас тартуға және адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырамыз", - деді министрлік өкілі.

Құрбан шалуға ниет еткен қазақстандықтар qurban2021.kz сайтына тиісті өтініш жолдай алады. Сонымен қатар құрбандық етті ұсынуға немесе алуға да өтініш қалдыруға болады.

Бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды зарарсыздандыру бойынша талаптар әлі де маңызды болып отыр.

79
Кілт сөздер:
құрбан айт
Тақырып:
Құрбан айт 2021 (17)
Тақырып бойынша
"Өзімді бақытты сезінемін": Құрбан айт намазына келген шетелдіктер өз әсерімен бөлісті
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады
Qurban2021.kz сайты іске қосылды
Бекшин Алматыда Құрбан айт қалай өтетінін түсіндірді
Қайтыс болған адам атынан құрбан шалуға бола ма

Тылсымға толы Шыңғыстау өңірінің тарихи орындары видео

58
Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені "Ұлылар мекені" деректі фильмін жариялады

Фильмде қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сынды үш алыпты сыйлаған тылсымға толы Шыңғыстау өңірінің тарихи орындары көрсетіледі.

Соның ішінде әуелі Қоңыр әулие үңгірінің тарихы баяндалған. Қазақстанның киелі жерлері географиясы тізіміне енген үңгір Шыңғыстау сүлемінің бір бөлігі Ақтас тауының етегінде орналасқан. Осы үңгір жайлы аңыз-әңгіменің басым бөлігі Шыңғыс қағанмен байланысты өрбіген.

"Шыңғыс хан Қоңыр әулиеде жерленген деген ел аузында аңыз-әңгіме бар. Қоңырәулие жайлы айтылмай жатқан сыр көп, зерттелмей жатқан қаншама дүние бар", - дейді Абай аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары Бақытжан Байболов.

Үңгірдің ішінде айнадай жарқыраған тұнық көл бар. Көлдің ұзындығы – 25 метр, ені – 10 метр, тереңдігі – 1,8 метр. Алайда мұндағы су көлемі жыл сайын өзгеріп тұрады.

Тағы бір қызық дерек – үңгірдегі көлдің градусы қысы-жасы өзгермейді, үнемі +4 градус болып тұрады. Ал үңгірдің ішіндегі температура +7 градус. Үңгір Абай ауданы мәдениет үйіне қарайды.

Шыңғыстаудағы тағы бір қасиетті мекен – Кеңгірбай кесенесі. Өз заманында әйгілі би болған Кеңгірбай Жандосұлы 1735-1825 жылдары өмір сүрген. 19 ғасырда салынған кесене 1997 жылы жөндеуден өтті. Мазар маңызды тарихи және мәдениет ескерткіш ретінде Қазақстанның қасиетті жерлері тізіміне енген.

Сондай-ақ видеода Семейге баратын жолдағы Еңлік-Кебек ескерткіші де көрсетілген. Бұл ескерткішті 1960 жылы Абай ауылының тұрғындары өз қаражатына орнатқан. Ол 1976 жылы ак мәрмәрмен қапталды.

Абай Құнанбайұлы өмірінің соңғы 10 жылын Шыңғыстаудың ішкі бөктерінде Жидебайда өткізген. Фильмде Абай тұрған музей-үй туралы баяндалған.

Айта кетері, былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайға арнайы барып, Абай-Шәкәрім мемориалды музей кешенінің жөндеу жұмыстарымен танысты. 

58
Кілт сөздер:
видео

Семей гарнизонында тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді видео

51
Әскери қызметшілер жолды торуылдап, "жауды" қолға түсірді – Семей маңында тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді  

Семей гарнизонында дабыл қағылды – роталық тактикалық оқу-жаттығулардың сценарийіне сәйкес, бақылаудағы аумақта шартты жаудың көлігі жүріп келе жатады.

Әскери қызметшілерге бұйрық түсті: көлікті тоқтатып, "жауды" қолға түсіру керек. Тапсырманы орындау үшін олар аумақты барлап, жауды анықтап, торуыл жасады.  

Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде жеке құрам қарудан оқ атты.

51
Нью-Йорк қаласы

АҚШ экономикасына дефолт қаупі төнді 

0
Пандемия кезінде экономика көлемінен асып түскен Американың мемлекеттік қарызы шарықтау шегіне жетті. Үкімет дефолт қаупі жайлы сөз етуде. Шығынға жол бермес үшін конгресс тез арада жедел әрекетті қолға алмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Америкалықтар 2008 жылдағы дағдарыстан бері сырттан қарыз алуды арттырып келеді. Обама билікте болған кезде тоғыз триллионға, Трамптың кезінде жеті триллион долларға ұлғайды. 2018 жылы жалпы ішкі өнімнің 78 процентіне жетті – Дүниежүзілік банк мұны қауіпті деп атады.

Қарыз шегін арттыру керек, әйтпесе күзде қаржы міндеттемелеріне қызмет көрсету бойынша проблема туындауы мүмкін. Кредиторлар АҚШ-тың қарызды өтеу мүмкіндігіне күмәнданса, не болатыны туралы РИА Новости материалында. 

Болжам бойынша мемлекеттік қарыз АҚШ экономикасының көлемінен он жылдан кейін ғана асуы керек. Алайда пандемия мен ұлттық шаруашылықты қолдауға арналған үлкен шығындардың салдарынан бұл әлдеқайда ертерек қалыптасты. Тәуелсіз есептеулер бойынша 2020 жылы билік ел экономикасына тоғыз триллион долларға жуық қаражат салды. Соның нәтижесінде мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ден асып түсті. 

Наурыздың соңына қарай 28 триллион доллар немесе ЖІӨ-нің 101 проценті. Мұндай жағдай тарихта бір рет қана – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден, 1946 жылы болды. Ол кезде көрсеткіш 106 процентті құрады. Ал қарыз өсіп жатыр: қазір - 28,5 триллион доллар. Заң бойынша енді қарыз алуға болмайды. 

АҚШ мемлекеттік қарыздың шарықтау шегіне бірінші рет жетіп отырған жооқ. 2008 жылдағы дағдарыстан кейін бұл көрсеткіш тұрақты өсіп жатыр. 

2019 жылы Трамп 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін мемлекеттік қарызды шектеусіз ұлғайтуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды. Межелі күннен кейін Қаржы министрлігі облигациялар сату есебінен қосымша қаражат тарта алмайды.

Алайда Вашингтонның бұдан басқа амалы жоқ. Пандемия кезінде экономиканы қолдауға жұмсалған қомақты шығын салдарынан бюджетте үлкен саңылау пайда болды. 

Бюджет тапшылығы негізінен мемлекеттік облигацияларды сату есебінен жабылып жатыр. 2020 қаржы жылында (30 қыркүйекте аяқталды) тапшылық кемінде үш есе – 3,1 триллион долларға дейін ұлғайды. Алайда коронавирусқа қарсы күрес бойынша барлық шараларды есептегенде, ол төрт триллионға жететінін анық. 

Осылайша Вашингтонның алдында екі жол тұр: 31 шілдеге дейін мемлекеттік қарыз шегін арттыру немесе қарыз алу лимитінің әрекет етуін тоқтату. Әйтпесе АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен конгреске жолдаған хатында ескерткендей, ел дефолтқа тап болып, экономикаға орны толмас шығын келтіріледі. 

Қаржы министрлігі "қосымша шұғыл шаралар" қабылдауға тура келеді. Алайда Йеллен атап өткендей, қаржы мекемесінің мемлекеттік төтенше қаржыландыру қолдану мүмкіндігі қатты шектеулі. 

"Мұнда көптеген факторға байланысты айтарлықтай белгісіздік бар. Соның ішінде үкіметтің төлемдері мен түсімдерін бірнеше ай бұрын есептеу проблемалары да бар", - деді министр. 

Алайда шекті көтермесе, жаңа қаржы жылында, 1 қазанға қарай қарызға қызмет көрсету қабілеті тоқтатылады. Негізінен дәл сол күні АҚШ қарзынашылығы шығынды 150 миллиард долларға қысқартуға тура келеді.

Жалпы қаржы министрі мемлекеттік қарыздың рекордтық өсімін көздеп отыр. Алайда бұған байланысты конгресте бірауызды шешім болмай тұр. Демократтардың пікірінше, шекті арттыру керек. Республикашылдар Байден мен үкіметтен шығындарды қысқартып, үлкен қарызды азайту шараларын қабылдауды талап етіп отыр.

Соған қарағанда шекті қарыздың деңгейін кезекті рет көтереді. Ал экономистер АҚШ дефолтын "ақырзаман" ретінде қарастырып жатыр. 

"Америкалықтар мұндайға ешқашан жол бермеген. Бұл қауіпті жағдай болар еді", - деп санайды JPMorgan-ның АҚШ бойынша бас экономисі Майкл Фероли. 

Бірақ дефолт болу қаупінің өзі-ақ нарықта дүрбелең тудыруы мүмкін. Егер ешқандай шара қабылданбаса, АҚШ Қаржы мекемесі 30 шілдеде мемлекеттік бағалы қағаздарды да, мемлекеттік қарызға қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отырған жергілікті органдардың  қағаздарын да сата алмай қалады.

2011 жылы өкілдер палатасының қарыз шегін көтеруден бас тартуы мен дефолт қаупінің туындауына байланысты Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі тарихта алғаш рет АҚШ-тың дербес кредиттік рейтингін төмендетті. Соның артынша-ақ қор нарығында құлдырау бола жаздады: тиісті органдар бір мәмілеге келгенге дейін S&P 500 индексі бес күн қатарынан төмендеді. 

CNBC атап өткендей, осы жолы мемлекеттің қарызды өтеу мүмкіндігіне күмәнданған кредиторлар Вашингтоннан әлдеқайда жоғары процентті талап етуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде домино әсерін қалыптастырады: ипотекалық және автокредиттен бастап корпоративтік қарызға дейінгі проценттік мөлшерлемелер жаппай өсе бастайды.

Ал бұл тұрақтылыққа оң әсер етпейтіні анық. "Қаржы дағдарысы күшейіп, жұмыс орындары мен америкалықтардың жинақтарына қауіп төнеді. Бұл біз пандемиядан кейін қайта аяққа тұрмаған кезде болып отыр", - дейді Джанетт Йеллен. 

Кредиторлар АҚШ үкіметінің қарыз өтеу қабілетіне жиі күмәнданып отыр. Америкалық жетекші қаржыгердің бірі, Bridgewater Associates атты әлемдегі ірі хедж-қордың негізін қалаушы миллиардер Рэй Далио атап өткендей, бюджет, сауда теңгерімі мен қазіргі операциялардың есебі бойынша үштік тапшылық жақын уақытта шетелдік инвесторларды қазынашылық облигациялардан үркітіп, доллардың құлдырауына себепші болады. Бұл көлемі жағынан 2008 жылғы дағдарыстан ғана емес, 1930 жылғы Ұлы депрессиядан да асып түсуі мүмкін қаржы дағдарысына апаратын тікелей жол.

0