Әскери пилоттар орман өртімен күресуге дайындалып жүр видео

44
(Жаңартылды 09:53 19.07.2021)
Қорғаныс министрлігі әскери пилоттар жаттығуының видеосын бөлісті. Олар орман өртін сөндіруге атсалысатын болады

Ведомство ақпаратына сәйкес, Семей қаласында авиабазада ұшқыштар жоспарлы оқу-жаттығу өткізген. Ұшу үшін Ми-17 тікұшағы қолданылды.

Мұндай ұшудың бірнеше ерекшелігі бар. Кабинада жүк тасымалдаудан әлдеқайда қиын саналады.

Видеода бекіту жүйесі, жердегі қызметтер, пилоттардың дәлдігі көрсетіледі.

Министрлікте бұл жаттығулар жас ұшқыштарды орман өрті кезінде жұмыс істеуге дайындайтынын атап өтті.

44
Тақырып бойынша
Шашынан сүйреген: Ыстанбұлда қазақ қызының басы дауға қалды - видео
Үш басы бар сәби дүниеге келді – видео
Кандагар тұрғындары бас сауғалауға мәжбүр болды – видео
Олимпиада-2020: Токио спортшыларды қалай қарсы алып жатыр – видео
Boston Dynamics роботтарының биі жұртты тәнті етті – видео

Талибанды* кім қаржыландырады - сарапшы пікірі

151
Талибанды* кім қаржыландырады және бұл есірткі саудасы, Пәкістан көмегі мен халықты тонау есебінен іске асырылып жатыр ма?

Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов тәлібтерді* кімнің қаржыландырып жатқанына қатысты пікір білдірді.

*Талибан – Қазақстан, Ресей және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым

151

Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті

168
Ресейдің Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонында жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесі сынақтан өткізілді. Зымыран жоғары жылдамдықтағы баллистикалық нысанаға ұшырылып, ол жойылды

Елдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, жүргізілген сынақтар арқылы жаңа С-500 зенитті зымыран жүйесінің беріктігі расталды.

Сонымен қатар ведомство С-500 зенитті зымыран жүйесінің әлемде теңдесі жоқ екенін және биіктік пен жылдамдықтың барлық ауқымында әуе-ғарыш шабуылының кез келген нысанына соққы беруге қабілетті екенін атап өтті.

168
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0