Су лебі мен әсем әуен: музыканттар ашық аспан астында өнер көрсетті видео

53
(Жаңартылды 09:41 21.07.2021)
Музыканттар "Грустный вальс" әуенін гидроэлектростанциясында орындады. Дроннан түсірілген видеоны тамашалаңыз

Ресейдің Красноярск өңірінің жастар оркестрі жергілікті ГЭС-те өнер көрсетті. Олар Ян Сибелиустың "Грустный вальс" туындысын таңдады.

Су лебі мен әсем әуен үйлесім тапты. Сахнада өнер көрсеткендей киініп алған музыканттар жұртты тәнті етті.

Ерекше көрініске жиырмаға жуық әртіс қатысты. Ашық ауадағы концерттің дроннан түсірілген видеосын тамашалай аласыз.

53
Тақырып бойынша
Антиваксерлер денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктеріне тап берді – видео
Қазақстандықтар Денис Тен жайлы ой бөлісті – видео
Кілең джип: Маңғыстау тұрғыны тегін шөпті әкетуге келген "байларға" ренжіді – видео
Бесінші буындағы жаңа жойғыш ұшақ таныстырылды – видео
Астанада стритболға арналған арена пайда болды - видео

Физиканы қарапайым тілмен түсіндіреді: зейнеткер саяжайда блог жүргізеді видео

24
73 жастағы зейнеткер саяжайында отырып, ғылыми-көпшілік блог жүргізеді. Қарияның блогы танымал – бүгінде оған 28 мың адам жазылған

Белсенді қарт физиканың әртүрлі тақырыбын қарапайым тілмен түсіндіреді, өзі ролик түсіріп, монтаждап, саяжайдағы лайфхактарды бөліседі.

Бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан Виктор Гончаров YouTube-те жеке каналын ашқан. Зейнетке дейін ол шахтада электрослесарь болып істеді. Алайда құрметті демалысқа шыққаннан кейін электрониканы тастаған жоқ – Гончаров әлі де әуесқой радиомен айналысады.

Қария саяжайда серуендеп, белсенді жұмыс істейді, аңға шығады. Соның бәрін видеоға түсіріп, желіде бөліседі.

Гончаров суретке түсіруді мектеп кезінен жақсы көретінін айтты. Сол себепті жолға шығарда өзімен бірге алуға ыңғайлы заманауи камера сатып алған.

24

Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады  видео

94
Токио Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасына арналған ән "Арнау" деп аталады. Спортшыларды жігерлендіретін бейнебаянға Роза Рымбаева, композитор Ренат Гайсин, Ninety One, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Дина және Мәди Сыздықов түсті

Әннің негізіне Ұлттық Олимпиада комитетінің әнұраны алынды, музыка авторы – Ренат Гайсин. Ал мәтінін Мирас Қалдымұрат жазған.

Әнұранның қайырмасы олимпиадашыларға арнау ретінде айтылады. Ән арманға қол жеткізу үшін алға ұмтыла беруге шақырады.

Әртістер де, барша қазақстандық та Токиоға аттанған отандық спортшыларға жеңіс тілейді. Алға, Қазақстан!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz)

Қазақстандық спортшыларға Олимпиада сайтында да жанкүйер бола аласыз. Сайт жасаушылар әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін бірегей интерактивті "фан-зона" ойлап тапты.

94
Кілт сөздер:
видео, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

6
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

6
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты