(1:20 / 10.27Mb / )

Ауған билігі мен тәлібтер* келісімге келмеді. Доха келіссөзі сәтсіз аяқталды видео

101
Катар астанасы Дохада Ауғанстан билігі мен радикалды "Талибан" қозғалысының өкілдері арасындағы екі күндік келіссөз аяқталды

Соңғы айларда Ауғанстанда үкімет әскері мен тәлібтер арасындағы ұрыс күшейе түсті.

 Дохада қос тарап бейбіт келісім мәселелерін талқылауы керек еді.

Олар қандай келісім жасағанын және не жайлы келісе алмағанын видеодан көріңіз.

*"Талибан" қозғалысы – қызметіне Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған экстремистік террористік ұйым.

101

Физиканы қарапайым тілмен түсіндіреді: зейнеткер саяжайда блог жүргізеді видео

41
73 жастағы зейнеткер саяжайында отырып, ғылыми-көпшілік блог жүргізеді. Қарияның блогы танымал – бүгінде оған 28 мың адам жазылған

Белсенді қарт физиканың әртүрлі тақырыбын қарапайым тілмен түсіндіреді, өзі ролик түсіріп, монтаждап, саяжайдағы лайфхактарды бөліседі.

Бірнеше жыл бұрын зейнетке шыққан Виктор Гончаров YouTube-те жеке каналын ашқан. Зейнетке дейін ол шахтада электрослесарь болып істеді. Алайда құрметті демалысқа шыққаннан кейін электрониканы тастаған жоқ – Гончаров әлі де әуесқой радиомен айналысады.

Қария саяжайда серуендеп, белсенді жұмыс істейді, аңға шығады. Соның бәрін видеоға түсіріп, желіде бөліседі.

Гончаров суретке түсіруді мектеп кезінен жақсы көретінін айтты. Сол себепті жолға шығарда өзімен бірге алуға ыңғайлы заманауи камера сатып алған.

41

Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады  видео

97
Токио Олимпиадасында бақ сынайтын Қазақстан құрамасына арналған ән "Арнау" деп аталады. Спортшыларды жігерлендіретін бейнебаянға Роза Рымбаева, композитор Ренат Гайсин, Ninety One, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Дина және Мәди Сыздықов түсті

Әннің негізіне Ұлттық Олимпиада комитетінің әнұраны алынды, музыка авторы – Ренат Гайсин. Ал мәтінін Мирас Қалдымұрат жазған.

Әнұранның қайырмасы олимпиадашыларға арнау ретінде айтылады. Ән арманға қол жеткізу үшін алға ұмтыла беруге шақырады.

Әртістер де, барша қазақстандық та Токиоға аттанған отандық спортшыларға жеңіс тілейді. Алға, Қазақстан!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz)

Қазақстандық спортшыларға Олимпиада сайтында да жанкүйер бола аласыз. Сайт жасаушылар әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін бірегей интерактивті "фан-зона" ойлап тапты.

97
Кілт сөздер:
видео, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты

0
Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз", – делінген жеделхатта.

Тағы оқыңыз: "Қайғырып көңіл айтамын": Тоқаев Си Цзиньпинге жеделхат жолдады

Үндістанның орталығындағы Махараштра штатында су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 138 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

84 мыңнан астам адам штатттың оңтүстігіндегі Пуна округінде қауіпсіз аймаққа орналастырылды.

Үнді метеорология бюросы Махараштра штатының әкімшілік орталығы Мумбаидағы нөсер жауынға байланысты дабылдың қызыл деңгейін жариялады. Табиғи апат салдарынан қала тұрғындарын жарық және сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.

0
Кілт сөздер:
көңіл айту, Үндістан, Қасым-Жомарт Тоқаев