Байқоңырдан "Наука" кешені ұшырылады видео

56
"Наука" көп мақсатты зертханалық модулі Байқоңырдан ұшпас бұрын 700 рет сыналды, деп хабарлады "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясында

Бүгін "Наука" көп мақсатты зертханалық модулінің ұшуға дайындығы жөнінде қорытынды шығарылды. 

"Наука" ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш станциясы бортындағы зерттеу бағдарламасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ғылым және әлеуметтік саладағы жаңа бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беріп, ресурстарды арттырады.

Кешен Байқоңырдан ұшпас бұрын 700 рет сыналды. Электрлік тексеру мен вакуумдық камерадағы сынақ жүргізілді, деп хабарлады "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясында.

56
Кілт сөздер:
видео, Байқоңыр
Тақырып бойынша
Астанада стритболға арналған арена пайда болды - видео
Су лебі мен әсем әуен: музыканттар ашық аспан астында өнер көрсетті – видео
Желіде видео тарады – келінінің бетін күйдірген қайын апа жұрттан кешірім сұрады
Жүкті әйелдер коронавирусқа қарсы екпе алуы керек пе – видео
Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Олимпиада тарихы: 65 жылда әйелдер арасында таянып секіру спорты қалай дамыды видео

24
(Жаңартылды 18:17 28.07.2021)
Спортшылардың өмірінде Олимпиада ең маңызды шыңдардың бірі болып саналады, дегенмен күнделікті жаттығулар мен жарыстарда әлемнің және спорттың қалай өзгеріп жатқанын көруге мүмкіндік бола бермейді

Халықаралық Олимпиада комитетінің арнасында әйелдер арасындағы таянып секірудің эволюциясын көрсететін видео жарияланды.

Бұл гимнастикалық жаттығулардың дамуына Кеңес Одағының спортшылары да үлкен үлес қосты.

Олимпиадалық гимнастика тарихында қалған аңыз спортшылардың есімдері:

  • Лариса Латынина (КСРО), Мельбурн 1956;
  • Вера Чаславска (Чехословакия), Мехико 1968;
  • Нелли Ким (КСРО), Монреаль 1976 ;
  • Екатерина Сабо (Румыния), Лос-Анджелес 1984;
  • Светлана Богинская (КСРО), Сеул 1988;
  • Генриетта Оноди (Венгрия), Барселона 1992;
  • Симона Аманар (Румыния), Атланта 1996;
  • Елена Замолодчикова (Ресей), Сидней 2000;
  • Моника Рошу (Румыния), Афина 2004;
  • Хун Ун-Чжон (КХДР), Пекин 2008 ж .;
  • Сандра Избаса (Румыния), Лондон 2012;
  • Симона Байлз (АҚШ), Рио 2016.
24

Токионың түнгі аспанында "сурет салған" дрондар видеосы

38
Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады

Екі мыңға жуық шағын дрон Токиодағы ұлттық стадионнан көтеріліп, аспанда қалықтады. 

Олимпиада ойындарының эмблемасы ғаламшарға айналды... Дода ашылуының дәл осы сәті бәрінің есінде қалады.

Бұл сәтте Токио көшелеріндегі наразылықтар да тынышталды. 

Ерекше пішіндердің бәрін 1 824 дрон салды. Олар жарқ-жұрқ етіп, көрерменді еліктірді. 

Шоуды видеодан тамашалай аласыз. 

38
Тақырып бойынша
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада жүлдегері жанкүйерлерге үндеу жасады
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео 
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

0
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

0
Кілт сөздер:
Василий Левит