Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

212
(Жаңартылды 10:08 30.07.2021)
Түркияның демалыс аймағында дүрбелең байқалмайды, туристер эвакуацияланып жатқан жоқ, деді оқиға куәгері

Sputnik Қазақстан агенттігінің фото тілшісі Владислав Воднев курорттық туристік қалашықты жалмаған алапат өрт куәгері болды.

Қазақстандық Манавгат елді мекенінде демалыста. Оның айтуынша, қатты жел салдарынан жалын жылдам тарап жатыр. Оның биіктігі бес қабатты үймен бірдей.

"Қатты жел болғандықтан, жалынды ауыздықтау қиын деп ойлаймын. Курортта бұл әдейі жасалған деген болжам айтылуда. Өртке қараған кезде оның бірнеше ошағын көруге болады", - деді Владислав Воднев. 

Табиғи апатқа өрт қауіпсіздігін сақтамау да себеп болуы мүмкін.

Өрт салдарынан ауданда электр жарығы сөнді. Жергілікті қонақүйлер дизель электр станциясын іске қосты. 

Құтқарушылар жалынды сөндіру үшін тікұшақ пен ұшақ пайдалануда. Қызыл, сары түске боялған түркиялық демалыс аймағын видеодан көре аласыз.

212
Тақырып бойынша
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт болды – видео
Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты – видео
"Көліктер түнде химия шашады": видео Талдықорған тұрғындарын шошытты
Қапшағай маңындағы тактикалық оқу-жаттығулар қалай өтті – видео
Жеңіл атлетиканың жарық жұлдыздары: Олимпиада чемпиондарының өнері - архив видео

Күздегі дәрумен тапшылығының бес белгісі - видео

10
(Жаңартылды 10:01 23.09.2021)
Алда қыс, демек иммунитетті күшейтетін және денсаулыққа ерекше ден қоятын кез келді. Бұл видеодан дәрумен тапшылығының негізгі белгілері мен оны толтырудың әдісі жайлы біле аласыз

Sputnik Беларусь өзінің Youtube-каналында дәрумен тапшылығы мен оны анықтаудың әдісін қарапайым тілмен түсіндіретін видео жариялады.

Кадр сыртындағы дауыс ағзада дәрумендер, минералдар тапшылығы болған жағдайда қандай өзгерістер орын алатынын түсіндіреді. 

Сонымен қатар дәрумен тапшылығы орын алған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтылады. 

Оқи отырыңыз: 

 

10
Кілт сөздер:
дәрумен, күз, адам ағзасы
Тақырып бойынша
"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео
Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты – видео
Германияда ер адам автобус жолаушыларын кепілге алды – видео
Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр – видео

Пальма аралындағы жанартау лавасы бассейндегі суды қайнатып жіберді - видео

48
Үйлер, инфарқұрылым мен егінді жалмап жіберді - Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауының лавасы туралы жергілікті тұрғындай осылай дейді

Жанартау лавасы Кумбре-Вьеханың бөктерінен баяу сырғып, жолындағының бәрін күлге айналдырып жағалауға жетті.

Дронмен түсіріліген видеодан лава Пальма аралындағы тұрғынның бассейніндегі суды бір мезетте қайнатып жібергенін көруге болады.

Жергілікті билік аралдан алты мың тұрғынды эвакуациялағанын айтты. Және таяу арада Пальма мен жақын маңдағы Гомер, Иерро аралдарына қайтып оралмауға кеңес берді.

Сонымен қатар Испанияның туризм министрі Рейес Марото Кумбре-Вьехадағы жанартауды көрнекі орынға айналдыру туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, ерекше құбылыс Канар аралдарына мыңдаған турист тартуға таптырмас мүмкіндік.

Алайда бұл идея әзірге тек сынға ұшырап жатыр. Өйткені оның атқылауы қаншалықты шығын келтіргені әзірге белгісіз. Қазір 150 үйдің зардап шеккені белгілі. Аймақ басшысы Мариано Эрнандес Сапата лава үйлер, жолдар мен егінді жалмап жатыр дейді.

Жанартау Кабеса-де-Вака көлінен 19 қыркүйекте атқылай бастады. Жергілікті биліктің болжамынша ағындар оңтүстік-батыстағы тұрғын үйлер мен ормандарға қарай жылжуы мүмкін.

Кумбре-Вьеха жанартауы соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын атқылаған. Ол 80 мың тұрғыны бар Пальма аралының оңтүстігіндегі жотада орналасқан.

Өткен аптадан бері мұнда магнитудасы 4 баллға жеткен мыңдаған дүмпулер сезілді. Кумбре-Вьеха  XX ғасырда екі рет - 1949 және 1971 жылы атқылаған болатын.

48
Кілт сөздер:
жанартау, Испания
Тақырып бойынша
Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты – видео
"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео
Германияда ер адам автобус жолаушыларын кепілге алды – видео
Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр – видео
Архивтегі сурет

Шымкентте ер адам аттракционда көз жұмды

0
Технопаркке келген ер адам шамамен 45-50 жаста, "Молоток" аттракционында оның жағдайы нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте "Қиял әлемі" технопаркінде ер адам қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмның жүрек талмасы ұстаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өлім себебін анықтап жатыр.

Технопаркте демалған куәгерлердің айтуынша, "Молоток" аттракционында 45-50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.

Ер адамның жағдайы нашарлағанын байқаған адамдар бірден жедел жәрдем шақырады, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Алдын ала қорытынды бойынша ер адамның жүрек талмасы ұстаған.

Сондай-ақ куәгерлер дәрігерлер келгенше дейін технопарк қызметкерлері де оған көмектесуге тырысқанын айтты. Бірақ оларда тіпті қарапайым дәрі қобдишасы да болмапты.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды. Технопарк жұмысы уақытша тоқтатылды.

Өкінішке қарай, бұл "Қиял әлемі" технопаркінде болған алғашқы қайғылы оқиға емес. Биыл мамыр айында жазатайым оқиғадан 17 жастағы жігіт мерт болған еді. Жігіт мектеп бітірген, саябақта қосымша жұмыс істегені хабарланды. Ол аттракционың металл құрылымына шығып, құлап кеткен. Бозбала жедел жәрдем қызметі келгенше, оқиға орнында жан тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Шымкент, аттракцион