Видео

Футболшы өз алаңынан қарсылас қақпасына гол соқты – видео

Жазылу
Испаниялық шабуылшы Хефте Бетанкор Румыния чемпионатында өз алаңынан қарсылас қақпасына таңғажайып гол соқты

Румыния чемпионатының ресми YouTube-арнасы жариялаған видеоның үшінші минутында ерекше сәтті көруге болады.

Румыния чемпионаты 6-турының матчында "Фарул" мен бухарестік "Динамо" кездесті. Есеп - 3:0.

Бетанкор ойынның 12-ші минутында есеп ашты. 53-ші минутта испаниялық қарсылас қақпасын алыстан көздеп, дөп тиді. Мұндайды күтпеген қақпашы еш нәрсе істей алмай қалды.

Жаңалықтар
0