Видео

Оқ-дәрі қоймасындағы өрт: алапат жалын тұрғындардың үрейін ұшырды - видео

Жазылу
Жамбыл облысының әскери бөлімінің қоймасында 26 тамызда жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі мен жергілікті билік 66 адамның зардап шеккенін айтты

Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінде өрт шығып, 6 жарылыс болды. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Өртті сөндіруге әскери бөлімнің жеке құрамы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды.Сонымен қатар әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды.

Маңайдағы ауыл тұрғындары эвакуацияланып, ондаған жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерді Тараз қаласындағы ауруханаға жеткізді.

Қауіпсіздік мақсатында жолдар жабылып, темір жол қозғалысы тоқтатылды. Оқиға болған жерге қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен төтенше жағдайлар министі Юрий Ильин ұшып барды.

Жаңалықтар
0