Видео

Каникулдан оралған депутаттар қандай проблемаларды көтереді – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшілері "халық қалаулысы" деген жоғары мәртебеге ие азаматтармен сұхбаттасып, каникул кезінде елдің ішінен қандай проблемаларды теріп келгенін сұрады

Биыл сайланған мәжіліс депутаттары екінші сессиясына кірісті. Күні кеше палаталардың бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасап, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап берді. Осыдан кейін депутаттар жалпы отырыста жиналып, үкіметке өз сауалдарын қарша боратты.

Sputnik Қазақстан тілшілері каникулдан оралған депутаттармен сұхбаттасып, парламент қабырғасында қандай проблемаларды көтеретінін сұрады.

Депутат Азат Перуашев Тараздың түбінде болған оқиғаларды еске алды. Оның ойынша, Арыстағы оқиғадан кейін тиісті шешімдер жасалған жоқ.

"Тіпті, президент Тоқаевтың тапсырмалары іске асырылмағанына көзіміз жетіп отыр. Сосын тірі қалған өрт сөндірушілердің айтуынша, әскери қоймаға келген кезде оларды алдап кеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Біз әлеуметтік желілерде қоғам көтеретін дәлелдерді тергеу барысында дұрыстап қарасын, назарсыз қалдырмасын деп талап қойып отырмыз", - дейді Перуашев.

Айтпақшы, мәжілістің жалпы отырысында депутат Альберт Рау үкіметке сауал жолдап, тергеу кезінде барлық дәлелді ескеруді талап етті. Оған "Ақ жол" да, "ҚХП" да қосылды.

Ал депутат Қанат Нұров қымбатшылыққа алаңдап отыр. Бүгінде азық-түліктің бағасы шарықтап кеткен.

"Сосын бизнестің бірқатар мәселесі бар. Қаржыландыру шаралары өте баяу атқарылады. Бюджет қаржысы ұзақ бөлінеді. Артынан сол ақшаны игеруге де аз уақыт қалады. Содан тендерге дұрыс мердігерлер қатыспайды. Ал тендерді өткізбеу жағы қарастырылмайды", - деді Нұров.

Бұдан бөлек, халық қалаулылары құрғақшылық, баспана, су, жайылым мен жер ресурстарын қолжетімді ету проблемаларын шешу керек деп санайды. Бекболат Тілеухан болса, әлеуметтік мәселелерді қозғауды көздейді.

Жаңалықтар
0