Видео

Астаналықтар балаға вакцина салу туралы не ойлайды – видео

Жазылу
Қазақстанда 12 жастан бастап балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу мәселесі талқыланып жатыр

Әзірше, қолда бар екпелерді тек ересек адамдарға ғана егуге болады. Дегенмен, келесі айда елімізге тағы бір вакцина – Pfizer препаратын жеткізу жоспарланып отыр. Оны 12 жастан асқан балаларға егуге рұқсат етілген.

Денсаулық сақтау министрлігі осы вакцинаны 12-17 жастағы балаларға салуды көздейді. Осылайша, ұжымдық иммунитет күшейе түседі деген жоспар бар. Себебі ондай балалардың саны 2 миллионға жуық.

Айта кетер жәйт, екпе тек ата-аналардың келісімімен ғана салынады.

Sputnik Қазақстан тілшілері осы мәселеге қатысты елордалықтардың ойын біліп қайтты.

Жаңалықтар
0