Видео

"Қызыл ғаламшардың" бөлшегі – таңғажайып видео

Жазылу
Марста тіршілік бар-жоғы ғылымға әлі күнге дейін беймәлім. Алайда "қызыл ғаламшардың" әсем пейзажын Жер бетінде де тамашалауға болады

Бұл жер Троицк-Байновский отқа төзімді балшық кен орнының Полдневский учаскесі деп аталады. Ол Свердлов облысында, Богданович стансасына жақын маңда орналасқан.

Кен орнының өзі Орта Уралдағы ең ірі ошақ саналады, аумағы 75 шаршы шақырымды алады. Бұл қолданыстағы өнеркәсіптік нысан, бүгінде бұл жерде Богданович отқа төзімді зауыты жұмыс істейді.

Троицк ауылының маңындағы отқа төзімді балшық революцияға дейін белгілі болған және шаруашылық қажеттіліктер үшін шағын көлемде өндірілді. Бұл кен орны XIX ғасырдан белгілі, оның карьерлерінің бір бөлігі қараусыз қалған.

Ескі карьерлердің бір бөлігін су басқан, өлкетанушылар мен туристер өздерінің "Уралдық Марсын" дәл осы жерден тапты. Нысан әлі жұмыс істеп тұрғандықтан, бұл жерге кіруге тыйым салынған.

Жаңалықтар
0