Думаға сайлауға бір апта қалды: Сенатор Климов өзгерістер туралы бейнекөпір

32
(Жаңартылды 17:37 13.09.2021)
Ресей Федерациясының сенаторы, Федерация кеңесінің сыртқы істер комитетінің мүшесі Андрей Климов Мемлекеттік Думаға жаңа сайлаудың ерекшеліктері туралы айтып жатыр

"Ресей әлемі Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасына сайлау қарсаңында. Бірыңғай дауыс беру күніне бір апта қалды" баспасөз конференциясында Ресей Федерациясының сенаторы, Федерация Кеңесінің халықаралық істер комитетінің мүшесі Андрей Климов дауыс беру қарсаңында орыс әлемінің  алдында  қандай сын-қатерлер тұр, шетелдегі сайлаудың ерекшеліктері қандай, Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін азаматтар қандай жаңа құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды деген сұрақтарға жауап береді.

Баспасөз конференциясы Мәскеу – Ереван – Нұр-Сұлтан – Бішкек бейне көпірі түрінде Sputnik ақпарат агенттігінің алаңында өтіп жатыр.

Модератор: "Россия сегодня" медиа тобының коммуникациялар жөніндегі директоры Петр Лидов.  

32

Күздегі дәрумен тапшылығының бес белгісі - видео

24
(Жаңартылды 10:01 23.09.2021)
Алда қыс, демек иммунитетті күшейтетін және денсаулыққа ерекше ден қоятын кез келді. Бұл видеодан дәрумен тапшылығының негізгі белгілері мен оны толтырудың әдісі жайлы біле аласыз

Sputnik Беларусь өзінің Youtube-каналында дәрумен тапшылығы мен оны анықтаудың әдісін қарапайым тілмен түсіндіретін видео жариялады.

Кадр сыртындағы дауыс ағзада дәрумендер, минералдар тапшылығы болған жағдайда қандай өзгерістер орын алатынын түсіндіреді. 

Сонымен қатар дәрумен тапшылығы орын алған жағдайда не істеу керектігі жайлы айтылады. 

Оқи отырыңыз: 

 

24
Кілт сөздер:
дәрумен, күз, адам ағзасы
Тақырып бойынша
"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео
Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты – видео
Германияда ер адам автобус жолаушыларын кепілге алды – видео
Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр – видео

Пальма аралындағы жанартау лавасы бассейндегі суды қайнатып жіберді - видео

61
Үйлер, инфарқұрылым мен егінді жалмап жіберді - Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауының лавасы туралы жергілікті тұрғындай осылай дейді

Жанартау лавасы Кумбре-Вьеханың бөктерінен баяу сырғып, жолындағының бәрін күлге айналдырып жағалауға жетті.

Дронмен түсіріліген видеодан лава Пальма аралындағы тұрғынның бассейніндегі суды бір мезетте қайнатып жібергенін көруге болады.

Жергілікті билік аралдан алты мың тұрғынды эвакуациялағанын айтты. Және таяу арада Пальма мен жақын маңдағы Гомер, Иерро аралдарына қайтып оралмауға кеңес берді.

Сонымен қатар Испанияның туризм министрі Рейес Марото Кумбре-Вьехадағы жанартауды көрнекі орынға айналдыру туралы ұсыныс жасады. Оның айтуынша, ерекше құбылыс Канар аралдарына мыңдаған турист тартуға таптырмас мүмкіндік.

Алайда бұл идея әзірге тек сынға ұшырап жатыр. Өйткені оның атқылауы қаншалықты шығын келтіргені әзірге белгісіз. Қазір 150 үйдің зардап шеккені белгілі. Аймақ басшысы Мариано Эрнандес Сапата лава үйлер, жолдар мен егінді жалмап жатыр дейді.

Жанартау Кабеса-де-Вака көлінен 19 қыркүйекте атқылай бастады. Жергілікті биліктің болжамынша ағындар оңтүстік-батыстағы тұрғын үйлер мен ормандарға қарай жылжуы мүмкін.

Кумбре-Вьеха жанартауы соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын атқылаған. Ол 80 мың тұрғыны бар Пальма аралының оңтүстігіндегі жотада орналасқан.

Өткен аптадан бері мұнда магнитудасы 4 баллға жеткен мыңдаған дүмпулер сезілді. Кумбре-Вьеха  XX ғасырда екі рет - 1949 және 1971 жылы атқылаған болатын.

61
Кілт сөздер:
жанартау, Испания
Тақырып бойынша
Алматы көшелеріне "сергек-патруль" шықты – видео
"Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео
Германияда ер адам автобус жолаушыларын кепілге алды – видео
Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр – видео
Түркістан

Өзбекәлі Жәнібековтың есімін бірнеше нысанға беру ұсынылды

0
Депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың ескерткішін орнатып, оның есімін бірнеше нысанға беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нухұлының айтуынша, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар мемлекет қайраткері, тарихшы-этнолог Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Ол Наурыз мейрамын жаңғырту, халықаралық қазақ тілі қоғамын құру мен "Ана тілі" газетінің ашылуына тікелей ықпал етті. Қазақстанда музейлердің көптеп ашылуына атсалысты.

"Осыған байланысты Түркістандағы этнографиялық музейге және Арқалықтағы дала өлкесі тарихи облыстық музейіне Өзбекәлі Жәнібек есімі берілсе дейміз. Арыстан баб қорық музейі жанында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі жаңартылып, қайта ашылуы қажет", - деді Нухұлы сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды.

"Туған елі қасиетті Түркістанда еңселі ескерткішін тұғырына орнату керек деп білеміз. Мұндай құрмет қызмет атарған Шымкент және Алматы қалаларында да жасалуы керек", - деп атап көрсетті сенатор.

Осы орайда депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың негізгі жетістіктерін де ерекше атап өтті.

"Оның Торғай елін түлеткені өз алдына бір бөлек, Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтарды ақтап алуда, оның алдында Шәкәрім есімімен еңбектерін жарыққа шығарып, халқымен қайта қауыштыруда ұйытқы болды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қасиетті тайқазанды Эрмитаждан алып келуде басты орындаушы рөлін атқаруын ешкім ешқашан ұмытпақ емес. Осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО тізіміне қосып, қалпына келтіруге, Арыстан баб мазарын маңын халықтың жиі келіп, тәу етер жеріне айналдырудағы еңбегі - мәңгі өлмес істер мен ізгілікті іздер", - дейді Нухұлы.

Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, жариялаған ұсыныстар бойынша тиісті шараларды қолға алуды сұрады.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
ескерткіш, есімін беру, депутат
Тақырып бойынша
Алаш арыстарына ескерткіш ашылды
Алаш идеясы тығырыққа тірелді: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті
Алаш зиялысы Жақып Ақбаев туралы не білеміз
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді