Видео

Ресейлік әскери роботтар алғаш рет алғы шепке жіберілді - видео

Жазылу
Ресейдік қорғаныс министрлігі Батыс-2021 оқу-жаттығуы кезінде әскери роботтарды сынады. Бұл жиынға қазақстандық әскерилер де қатысқан болатын

 Сценарий бойынша "Уран-9" пилотсыз кешені 3-5 шақырым аралықтан тірі күштер мен шартты қарсыластың бронетехникасын жоюға тиіс болды.

Ал  "Нерехта" әскери роботы жауға қарсы оқ жаудыруға және негізгі шабуылдаушы күшті қолдау үшін алғы шепке жіберілді.

Ресейдің қорғаныс министрлігі атап өткендей, робот өз міндетін мінсіз орындады. Және таяуда қорғаныс саласына тұрақты қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, "Батыс-2021" 10-16 қыркүйек аралығында Ресей территориясындағы тоғыз полигонда, Балтық теңізі акваториясында, Беларусь Қарулы күштерінің бес полигонында өтті.

"Батыс-2021" оқу-жаттығуларына Ресей мен Беларусь территориясында жеке құрамдағы 200 мыңнан астам адам, 80-ге жуық ұшақ пен тікұшақ, 760 әскери техника, оның ішінде 290 танк, 240 қару-жарақ, жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе мен миномет, сондай-ақ 15 кеме қатысты.

Әскери роботтардың әрекетін видеодан тамашалаңыз.


Жаңалықтар
0