Видео

Пермьдегі атыс: куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты - видео

Жазылу
Пермь университетінің бірінші курс студенті оқу орнында атыс шығарды. Салдарынан алты адам қайтыс болып, жиырмадан астамы жарақат алды

Пермь мемлекеттік университетінің студенті оқу орнына қарумен келіп, оқ жаудырды. Соңғы мәлімет бойынша алты адам қайтыс болды (бұған дейін сегіз адам деп хабарланған болатын), 24 адам жарақат алды.

Атыс кезінде университетте болғандар аман қалу үшін терезеден секірген. Студенттің өзі де қолға түсіру кезінде жарақат алды. Қазір ол жергілікті ауруханада жатыр.

БАҚ мәліметі бойынша оқ жаудырған студент 18 жаста. Қару оның атына заңды түрде тіркелген болып шықты.

Күдіктінің есімі – Тимур Бекмансуров. Ол атысты алдын ала дайындағаны және жоспарын әлеуметтік желіде жариялағаны белгілі болды.

Атыс кезінде университетте болғандарың сол кезде бастан өткергені мен оқиға орнынан түсірілген кадрларды видеодан көріңіз.

Жаңалықтар
0