Видео

"Менің анам сияқты": елордалық оқушылар ұстаздарын ерекше құттықтады – видео

Жазылу
Бүгін Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтіп жатыр. Осыған орай елордалық бүлдіршіндер өз ұстазы жайлы ой-пікірімен бөлісіп, оларды мерекемен құттықтады

Бастауыш сынып оқушыларына "Сенің ұстазың қандай?" қандай деген сұрақ қойылған. Балалардың жауабынан бәрі өз мұғалімін ерекше сыйлап, жақсы көретінін аңғаруға болады.

"Менің апайым әдемі", "менің апайым анам сияқты, оны өте қатты жақсы көремін", "менің апайым өте жақсы, маған әліппе сыйлады", деп жауап берді олар.  

Сондай-ақ кейбір оқушы өз ұстазына өлең оқыса, енді бірі мереке құрметіне ән шырқап берді.

Елорда әкімдігінің ақпаратынша, қазір астананың 143 мектебінде барлығы он сегіз мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Соңғы екі жылда олардың жалақысы 50%-ке өскен. Ал келесі жылы тағы  25%-ке артады деп жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: "Ерекше қатал мұғалім еді": Аймағамбетов ұстаздары туралы айтты

Қазақстанда қазан айының бірінші жексенбісі Мұғалімдер күні тойланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мейрамымен құттықтады. Ол мемлекет мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясатын жалғастыра беретінін атап өтті. 

Жаңалықтар
0