Видео

"Мұқағали" фильмі көрерменге жол тартады – трейлер жарияланды

Жазылу
21 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында "Мұқағали" фильмі көрсетіледі. Картина қазақтың ақиық ақыны жайында сыр шертеді

Фильмді Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірді. Режиссері – Болат Қалымбетов.

Кинотуындыда Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары баяндалады.

Басты рөлдерді Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мәжитова, Бауыржан Қаптағай сынды актерлер сомдады.

Еске сала кетері, 2019 жылы маусым айында Өскемен қаласында "Мұқағали" көркем фильмінің түсірілімі басталғаны хабарланды.

Қалымбетовтың айтуынша, картина Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Көрермен Мұқағалидың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар Одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады.

"Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында", - деген еді режиссер.

"Мұқағали" фильмінің 1 минуттан сәл асатын ресми трейлері Қазақфильмнің YouTube-каналында жарияланды.

Жаңалықтар
0