Видео

Сәпиевтің өмірбаянына негізделген "Боксер" фильмінің ресми трейлері жарияланды – видео

Жазылу
"Қазақфильм" киностудиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің спорттық карьерасына арналған "Боксер" фильмінің ресми трейлерін жариялады

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен SATAIFILM компаниясы түсірген спорттық драма Олимпиада чемпионы Серік Сапиевтың өмірбаянына негізделген.

Фильмдегі басты рөлді жас актер-дебютант Смадияр Сабыров сомдады.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпида чемпионы Серік Сәпиев парламентке сайланып, депутаттық қызметінен кейін спорт комитетінің басшысы қызметін атқарды. Жуықта ол өз еркімен комитеттегі қызметінен кетті.

Чемпионның айтуынша, ол мәдениет және спорт министрлігінде қызмет еткен аралықта парламент бапкерлер мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің мәртебесін көтеретін және допинг бойынша қатал шаралар қолдану туралы заң қабылдады.

Жақында мәдениет және спорт министрлігінен кеткен Олимпиада чемпионы өзінің жаңа жұмыс орны туралы айтты.

"Енді Ұлттық олимпиада комитетінде жұмыс істеймін деп айта аламын", - деді Сәпиев.

Бірақ ол комитеттегі лауазымы қандай болатынын нақтылаған жоқ.

 

 

Жаңалықтар
0