Видео

Шектеусіз мүмкіндік: елордада ерекше жандар арасында байқау өтті – видео

Жазылу
Елордада паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттіліктері бар жандар арасында "Ғажайып жұлдыздар" шығармашылық байқауы өтті

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен ерекше физикалық қажеттіліктері бар 200-ден астам адам қатысты.

Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар жандар арасында таланттарды анықтау. Қазылар алқасы әр санаттағы үздіктерді анықтады. Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар, түрлі сыйлықтар тапсырылды.

Байқауды "Каспий" спортты дамыту қоры Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0