Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері оқу-жаттығу өткізді видео

72
Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштері "Hamkorlik-2021" бірлескен оқу-жаттығуын өткізді

Қазақстан қорғаныс министрінің Өзбекстанға ресми сапары аясында екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов "Термез" полигонында "Hamkorlik-2021" бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жауынгерлік бөлімшелер іздеу-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылының алдын алу, жаудың мықты жасақтарының көзін құрту, шабуылға тойтарыс бере отырып, жоғары мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмаларын орындады.

"Hamkorlik-2021" бірлескен оқу-жаттығуы екі елдің әскери құрамаларының өңірдегі жағдайдың ушығу қаупі артқан кезде түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ байланыс пен үйлесімділік дәрежесін арттыруға бағытталған.

 Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастың өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды.

Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді.  

72

"Сарбаз сахнасы" әскери-патриоттық әндер фестивалі қалай өтті видео

18
Оған елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам әскери қызметші қатысты. Фестиваль 2019 жылдан бері өткізіліп келеді

Қарулы Күштердің шығармашылық ұжымдары арасындағы "Сарбаз сахнасы" әскери-патриоттық әндер фестивалі онлайн форматта өтті.

Елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам әскери қызметші вокал, аспаптық ансамбль және би ұжымы номинациялары бойынша өнерін ортаға салды.

Фестиваль 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл карантиндік шараларға байланысты онлайн форматта өтті. Қыркүйектен бері қазылар алқасының назарына 120-ға жуық туынды түскен.

Республикалық байқаудың бас жүлдесін "Шығыс "өңірлік қолбасшылығы алды. 

Толығырақ видеодан көре аласыз.

18
Кілт сөздер:
сарбаз, сахна, әскери, әндер байқауы, видео
Тақырып бойынша
"Жұлдыздардан 100 есе артық": сылақшы әйел желіде танымал болды – видео
Жас сарбаздар әскери ант қабылдады – видео
Арнаулы қызмет туралы кітаптардың тұсаукесері өткізілді – видео
Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті патриоттық флешмобты жалғастырды – видео

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі видео

65
"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры, Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Мұрат Шәріпов зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептелетінін түсіндірді

"Зейнетақымен қамсыздандыру заңында ең төменгі жеткілікті шектің қалай есептелетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған ақшаның бір бөлігі. Ең төменгі жеткілікті шек азаматтар зейнетақы жасына жеткен кезде республика бойынша белгіленген ең төменгі зейнетақыдан кем емес зейнетақы алуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Ал осы ең төменгі жеткілікті шектен асқан ақшаны азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компанияларға аударып, инвестициялық табысын арттырады.

Мұрат Шәріповтың айтуынша, үкімет қаулысына сәйкес, ең төменгі жеткілікті шекті есептеу әдістемесі әзірленген. Осы әдістеме бойынша алғаш рет 2021 жылы ең төменгі жеткілікті шек есептелді.

"Мұнда ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақының мөлшері маңызды. 2022 жылы ең төменгі жалақы 42 500-ден 60 мыңға дейін өседі. Сондықтан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әдістемеге сүйене отырып, әр азаматтың жасына қарай ең төменгі жеткілікті шекті есептеп шықты", - деп түсіндірді БЖЗҚ өкілі.

Демек, оның мәліметінше, болашақта республикалық бюджетте көрсетілген ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және басқа да көрсеткіштерге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек қайта есептеліп отырады.

65
Жусан операциясы

Сирияға кеткен мыңға жуық қазақстандықтың 600-і оралды Назарбаев

0
Қазақстанның тұңғыш президенті елге оралған 600 қазақстандықтың ішінде 33 адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты.

"Qazaq. History of the Golden Man" ("Қазақ. Алтын адамның тарихы") фильмінде америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Елбасы Ислам мемлекетінің* қызметі толығымен экстремистік идеологияға негізделгенін мәлімдеді.

"Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен тең деп айтылған. Олардың мұсылмандықпен ешқандай байланысы жоқ, олар дінді өз мақсаты үшін пайдаланатын экстремистер. Бұл Исламның өзіне зиян тигізеді", - деді Назарбаев.

Қазақстанның тұңғыш президенті республикадан Сирияға бір мыңға жуық азамат кеткенін, олардың 600-і отанға оралғанын хабарлады.

"Біз 600 адамды қайтардық, оның ішінде 303 ер адам. Отыз үшіне қатысты тергеу жүргізіп жатырмыз. Жұмысы жоқ, қиыншылық көрген адамдар сол жерге кетті. Онда өмір керемет болатынына уәде береді. Сондықтан ол жаққа бүкіл отбасымен бірге барды. Өздерін ұрып-соғып, өлтірген кезде ғана жағдайды түсінді", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы исламның және бүкіл әлемнің ірі орталықтарының бірі болып табылатын Сирияның қирауы мәселесіне қатысты өз өкінішін білдірді.

"Мен ол жерде болдым, керемет ғимараттарды көрдім... Олар біздің балалар көре алмайтын бүкіл адамзаттың тарихи, мәдени естелігін жойды", - деді Назарбаев.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ұлттық қауіпсіздік комитеті "Жусан" гуманитарлық арнайы операциясы аясында Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша 5 арнайы операция өткізді.

Бұл арнайы гуманитарлық операцияның бірінші кезеңі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында ұйымдастырылды.

ИМ* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

0
Кілт сөздер:
Назарбаев, Сирия, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Назарбаев өзінің арманы туралы айтты
Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді
Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жасады – видео
Қазақстан алдағы жүз жылда ешкімге соғыс ашпайды – Назарбаев
Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды